Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөгудің қажеті жоқ": Анар Батырхан Меккеге барып жылап видео түсіретін блогерлерге араша түсті

Отандық актриса, әнші, блогер Анар Батырхан Меккеге жиі барып, көптің сынына қалған өнердегі әріптестеріне жақтасты. Өнер иесі Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында орамалды әріптестеріне қатысты сұраққа жауап берді.

©instagram.com/anarabatyrkhan

– Қазір көптеген өнер адамдары мен блогерлер жарнамаға немесе бартер ретінде умраға, қажылыққа барып, Instagram-ға контент жасап жүреді. Сіздің ойыңызша олар құтты мекеннің қадірін жоғалтып жатқан жоқ па? 

Сіз айтып отырған сұрақтың екі жағы бар. Мен тек жақсы жағынан қарағым келеді. Бартерге барды деп блогерлерді сөгудің қажеті жоқ. Ол бартерге барып, құлшылығын жасап, қасиетті мекенде дұғасын тіледі. Бұл - өзіне пайда. Ал, контент жасап, Мекке мен Қағбаның әдемілігін, ерекшелігін құдыретін парақшасында көрсетіп бір insta-досының сол сапарға баруына себепші болды. Бұл – оқырманға жасаған жақсылығы. Бәлкім, миллиондаған оқырманның ішінде Мекке, қажылық туралы мүлдем білмейтін бір адам бар шығар. Оның сауатын ашты, ақпарат берді. Бұл да жақсылық. Және ниеттенген адамдар блогердің жарнамасындағы компания арқылы тапсырыс берді. Бұл – компанияға пайда. Сондықтан қадірін кетіріп жатыр” деп тек сынай берудің қажеті жоқ. Бұл да бір жақсылыққа шақыру деп ойлаймын. Бұрын расында Меккеге баруға екінің бірінің қолы жетпейтін, қалтасы көтермейтін. Ал қазір көп адамдардың қажылықта жүргендерін көргенде көз қуанады. Ішіп-шегетін, жамандыққа шақыратын нәрсені насихаттағанша, осындай адалдықты, тазалықты, дұрыс жолды дәріптеу дұрыс деп ойлаймын. Өзімнің әріптестерім немесе таныстарымның қасиетті мекенде жүргенін көргенде іштей қызығушылығым оянып кетеді. Менің де Қағбаны көріп, дұға тілесем деген арманым, ниетім бар. Бұйырып жатса, менің де парақшамнан сол сияқты әдемі видеолар көріп қаларсыздар. Оны көрген көп оқырманның бірі анасын қажылыққа жіберемін деп шешсе немесе өзі барып жатса – бұл да менің жақсылыққа себепші болуым деп білемін”, – дейді актриса.

 

– Қазір көптеген әншілер орамал тағып бастаған. Бұған көзқарасыңыз қандай?

“Бұл олардың шешімі ғой. Мен хиджапқа, орамалға қатысты ештеңе айта алмаймын. Әркімнің жеке таңдауын сыйлаймын”, – деп ойын ашық айтудан бас тартқан блогер қысқа жауап қайырды.

Талқылау