Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Он әйелі бар шенеуніктің 12-ші сәбиі дүниеге келді

Словакия парламентінің спикері, "Біз - отбасымыз" партиясының жетекшісі Борис Коллар 12-ші рет әке атанды. Деректерге сай оның он әйелі бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Словакия парламентінің төрағасы, "Біз – отбасымыз" партиясының жетекшісі 56 жастағы Борис Коллар 12-ші рет әке атанды. Сәбиді бұрынғы кәсіпқой жүзуші, 33 жастағы Барбора Рихтерова дүниеге әкелді. Ол ұлының есімін Арон қойған", - деп жазды басылым.



Басылымның мәліметінше, Коллар мен Рихтерованың бірінші баласы Артур 2011 жылы дүниеге келген. Ол спикердің алтыншы баласы болған. Артурдан кейін Коллардың басқа әйелдерден тағы бес баласы туылды.

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 22 Шілде, 2022 10:20
Талқылау