Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да мұғалімдер 1 миллион теңгеге тұрғын үй сертификатын алады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов тамыз педагогикалық кеңесінде өңірде педагогикалық кадрларға деген қажеттілік іс жүзінде жоқ екенін мәлімдеді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қ.Ақсақалов "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша соңғы бес жылда облысқа 1,5 мыңға жуық адам келгенін хабарлады. Оның ішінде 250-і тұрғын үй сатып алуға және салуға 0,01% жеңілдік несиелерін ресімдеді.

"Серпін" бағдарламасы бойынша тек осы жылы 100-ден астам жас маман жұмысқа орналасты. Еліміздің жұмыс күші көп өңірлерінен педагогтарды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Мысалы, үш жыл бұрын Түркістан облысынан отбасымен Уәлиханов ауданының Жамбыл ауылына көшіп келген физика және математика пәнінің мұғалімі Гаухар Тәжібаева. Оның бес баласы бар, күйеуі-құрылысшы. Қазір олар жұмыспен, тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Мұндай мысалдарды көп келтіруге болады", - деді Қ.Ақсақалов. 

Аймақ басшысының мәліметінше, 1 қаңтардан бастап бірінші санатты ауыл мұғалімі айына үстемақыны қосқанда 245 мың теңге алады. Ол педагогтар мен басшыларды ынталандыру жүйесін дамытуды жалғастыратынын атап өтті.

Сонымен қатар Құмар Ақсақалов педагогтердің балалары балабақшаларға жеңілдіктер алғанын айтты.

Биыл өңірде білім беру саласының қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттары түрінде бюджеттік несие беру үшін 250 млн теңге бөлу жоспарланып отыр. Сертификаттың номиналы - 1 млн теңге.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2020 17:57
Талқылау