Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды. Қазығұрт ауылындағы мектеп-лицейдің 8-ші сынып оқушысы Бейбарыс Нұралы мектеп ауласынан ес-түссіз күйде табылған. Аудандық білім бөлімі ауруханаға жетпей көз жұмған баланың ажалы өзінен болғанына сенімді. «Денсаулығы сыр беріп, өзі құлауы да мүмкін» дегенімен, полиция «абайсызда кісі өлтіру» бабымен тергеуді бастады деп хабарлайды КТК арнасы.

 Мұғалімдер сұлық жатқан баланы дереу аудандық ауруханаға жеткізгенімен, 14 жасар Бейбарыс тілге келмей көз жұмған. Мектептің бірнеше жеріне қойылған камераға Бейбарыстың құлаған жері түспей қалыпты. Дегенмен өз тексерісін жүргізген білім бөлімі баланың соңғы сабақта бозарып отырғанын және сол күні мектеп ішінде сыныптасымен шекісіп қалғанын анықтаған. 

 "Мен келген кезде оның басы мына жақт, аяғы ар жақта болған. Мойны жібермей  тартылып қалған болатын,-дейді сыныптасы.

"Зерделеу барысында мектептегі бейнебақылауда ішкі істер бөлімі байқаған кезде, ол баланың Асанов Рамазан деген оқушымен, яғни өзінің сыныптасымен арасында кикілжің болғаны анықталды. Тексеріс енді басталды десе де, білім бөлімі балалардың жабылып соққанын жоққа шығарады",-дейді Қазығұрт аудандық білім бөлімінің басшысы Асан Үйсінбаев. 

Оқуда жүріп талып қалғанын мектептен емес, көшедегі біреулерден естіген Бейбарыстың әкесі, оған сыныптастары жабылғанын айтып, мектеп басшылығы абыройын төкпес үшін жылы жауып отырғанына сенімді.

"Сынып оқушылары «Бейбарысты теуіп жатқанын көрдім» дейді бір бала. «Бес бала» дейді. «Кейін ол талып қалды» - дейді. Балам талған жоқ, сол кезде кетіп қалған. Жанды жеріне тиген де... - Жабылған кімдер екен? - Сыныптастары. «Анам екеуіңізді асыраймын. Менде мал болады, қора болады» деген еді. Арманы сол еді, арманымен кетті. Ал әуелде «Бейбарысты құрдасы итеріп қалып, содан құлап өлді» деген полиция, енді алғашқы жауабынан айнып, «кінәлілер әзірге анықталған жоқ» деп отыр",-дейді марқұмның әкесі Ғабиден Батырханов.

"ҚР ҚК 104- бабымен қылмыстық қозғалды. Абайсызда өлім келтіру. Баланың өлімінің нақты себебі тек сараптама қортындысынан кейін айтылады. Оны жарты айдай күту керек. Ал мектепке кетіп, мүрдесі мәйітханадан бір-ақ шыққан Бейбарыстың жақындары оқушылардан «өзге мектеп басшылығы да жауапқа тартылсын» дейді. Кінәлілер жауаптан «құтылып кете ме?» деп қауіптенген марқұмның жақындары істі прокуратура бақылауға алғанын қалайды",-дейді Қазығұрт аудандық ПБ бастығы Арман Ақшораев.

Талқылау