Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік полиция сержанты 11 бала тәрбиелеп отыр

Шымкент полиция басқармасы жол-патрулдік полициясы бөлімінде істейтін 42 жастағы Бауыржан Әбдірахманов сегіз қыз бен үш ұлдың әкесі. Балаларының үлкені 16-да болса, кішісі 2-ге толған.

IMG_0565

Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.

Бауыржан болашақ жарымен 2000 жылы танысыпты. Ол кезде Хадишаның жасы 19-да болыпты. Тойдан соң жас отбасы Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында тұрған. Ал отағасы ішкі істер басқармасына қызметке орналасқан соң, отбасы Шымкентке көшіп келген. Облыс орталығына келемін дегенше, олар алты балалы болып үлгерген.

“Әр жыл сайын отбасымыз толығып, бір ғана жалақыға үміт арту қиын болды. Сол себепті мен жұмысқа шықтым”, – дейді Хадиша.

Қазір ол қаладағы ауруханалардың бірінде акушер болып жұмыс істейді. Ата-анасы жұмыста болған кезде, балаларға Бауыржанның 68 жастағы анасы қарайды.

Көпбалалы отбасы Шымкенттің шетіндегі жалдамалы үйде тұрып жатыр. Үлкен ұл биыл мектепті тәмамдағалы отыр.

“Мен көбінесе қыздарым үшін алаңдаймын. Олардың жоғары білім алғанын қалаймын. Қыздар қазіргі заманда өз-өздерін қамтамасыз ете алуы тиіс”, – деді сержант.

Қазір ерлі-зайыптылардың тапқан таянғандары тек тамақ пен киімге кетіп жатыр. “Алтын алқа” үшін төленетін ақша жалақыға жәй ғана көмекші. Бірақ, отбасы шағымданып, қол жайғанды қолай көрмейді. Олар үшін ең бастысы – берекелі отбасы болу ғана.

Оқи отырыңыз:

Атырауда бағасы 6 миллион теңге тұратын балық ауланды

Әйгілі «Челси» немесе «Милан» командалары Астанаға келіп Қазақстан құрамасымен ойнамақ

Петербордағы жарылыстан соң Алматы метросында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қостанайда дәрігер қыз ұры болып шықты

Талқылау