"Швейцария бізге саяси баспана берді": Храпуновтың әйелі мәлімдеме жариялады
Қазақстанда алаяқтық үшін сотталған ерлі-зайыпты Виктор мен Лейла Храпуновтар Швейцарияда саяси баспана алды. Мұндай шешімді, Лейла Храпунованың айтуынша, Швейцарияның Федералды әкімшілік соты қабылдаған.
Фото: Анатолий Устиненко
«2020 жылы 29 желтоқсанда Швейцария Федералды Әкімшілік Соты 2019 жылы отставкаға кеткеніне қарамастан, Қазақстанның бұрынғы президентіне (Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев) қарсы олардың оппозициялық-саяси қызметін мойындап, Виктор мен Лейла Храпуновтарға Швейцариядан саяси баспана беру туралы соңғы шешім қабылдады», - деп жазды Лейла Хапунова Facebook-те.
Ол бұл Швейцарияның Федералды Әкімшілік Сотының баспасөз қызметінің баяндамасының қысқаша мазмұны екенін мәлімдеді.
2018 жылдың қазан айында Алматыда экс-әкім Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпунова бойынша сырттай сот ісі Алматыда өтті.
Виктор Храпунов ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету, алаяқтық, пара беру, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру немесе ысырап ету, сондай-ақ қызмет бабын асыра пайдалану әрекеттері үшін кінәлі деп танылды.
Ол мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, қатаң режимдегі колонияда 17 жылға бас бостандығынан айырылды.
Лейла Храпунова да болжамды әрекеттерге кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Лейла Храпунованың қарындасының күйеуі Айияр Ілиясов алаяқтық жасағаны үшін бес жылға сотталды.
Храпуновтар қазіргі уақытта Қазақстаннан тыс жерлерде жасырынып жүр. Олар саяси себептермен қудаландық деп мәлімдеді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
