AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шри-Ланка президентінің елден кеткені туралы ақпарат тарады

Митингтерден соң отставкаға кететінін мәлімдеген Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса елден кетіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі France Press агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, экс-президент жұбайы мен екі оққағарымен Мальдив аралдарына бет алған Ан-32 ұшағының бортына отырған.

Бұған дейін өткен сәрсенбіде Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса қызметінен кетуге уәде берген. Парламент спикері Махинда Япа Абейвардена уақытша мемлекет басшысы болады. Премьер-министр Ранил Викрамасингхе де коалициялық үкімет құру үшін отставкаға кетуге келісті.

Шри-Ланкадағы наразылық шерулері ел экономикасын тығырыққа тіреген бұрын-соңды болмаған қаржылық және экономикалық дағдарыстан соң сәуір айында басталды.

Еске салсақ, шілде айының басында демонстранттар президент сарайы мен премьер-министр Ранил Викрамасингхенің резиденциясына басып кіріп, соңғы ғимаратты өртеп жіберген.

Арал мемлекет шетел валютасы, жанар-жағармай, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, азық-түлік, дәрі-дәрмек тапшылығын сезінуде. Викрамасинге дағдарысты еңсеруге кем дегенде үш жыл керектігін айтқан еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр