Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шри-Ланка президенті отставкаға кету туралы өтінішке қол қойды - БАҚ

Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса отставкаға кету туралы өтініш жазды. Құжатқа 13 шілде күнімен қол қойылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror-ге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, президенттің отставкаға кету туралы өтініші үкіметтік шенеунікке берілген, ал ол өз кезегінде парламент спикеріне жеткізеді. Хатты алған спикер Махинда Япа Абейвардена ертең ресми түрде Готабая Раджапаксаның президент лауазымынан кететінін хабарлайды. 

Одан бөлек, Раджапаксаның Шри-Ланкадан кеткені жөнінде ақпарат тарады, алайда басылым мұны жоққа шығарды. Олардың сөзіне сенсек, президент елден ешқайда кетпеген, ал оның қауіпсіздігіне әскерилер жауапты. 



Бұған дейін Шри-Ланка астанасында митингілер өтіп, арты жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Бас көтерушілер президент резиденциясы алдындағы бөгеулерді бұзып, қоршаудан асып түсіп, аймақты басып алған. Кейін парламент депутаттары президенттен отставкаға кетуін сұрады. 

Айта кетейік, бірер күн бұрын Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның отставкаға кететіні белгілі болған еді.

Талқылау