Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт тұрғындардың өліміне Ресей де, Украина да жауапты - БҰҰ

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының баяндамасында ресейлік және украиналық әскерлердің бейбіт тұрғындар болған азаматтық нысандарда да қақтығысқа түскені айтылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DW сайтына сілтеме жасап.

соғыс

Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан бері Associated Press (AP) және PBS Frontline деректі бағдарламасы жүздеген ықтимал әскери қылмыстарды анықтады. Олардың көпшілігі Ресей тарапынан жасалғандай көрінгенімен, кейбіріне Украинаның да қатысы бар.

Алынған деректер БҰҰ-ның қақтығыстың екі жағындағы бейбіт тұрғындардың өлімі үшін жауапкершілік туралы бұрынғы тұжырымдарын растайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының маусым айының соңында жарияланған баяндамасында Украинада соғыс басталғалы бері Ресей мен Украина әскерлері тұрғын үйлер мен жақын маңдағы позицияларды алғаны айтылған. Старая Краснянкадағы қарттар үйінің Ресей басып алғаннан кейін екі апта өткен соң атқылануы осындай әрекеттердің болғанын көрсетеді. 



"Көбісі төсекке таңылған ондаған қарттар мен мүгедектер сусыз және жарықсыз қамауда қалды. 11 наурыздағы шабуыл өртті бүкіл ғимаратқа жайып жіберді. Кейбір науқастар мен қызметкерлер аман қалды", - делінген ақпаратта. 

БҰҰ мәліметі бойынша, 71 науқастың кем дегенде 22-сі аман қалды, бірақ қайтыс болғандардың нақты саны әлі белгісіз.

Украина билігі ресейлік әскерлерді кінәлап, оларды "аяусыз және себепсіз шабуылда" 50-ден астам қорғансыз бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыптады.  Алайда, БҰҰ Украина қарулы күштері қарттар үйінің ішінде жауынгерлік позицияны алу арқылы ғимаратты іс жүзінде нысанаға айналдырды және адам өліміне бірдей жауапты болуы мүмкін деп санайды.

БҰҰ мәліметі бойынша, шілде айының басында Ресейдің Украинаға қарсы соғысында 10 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты немесе жарақат алды. Қайтыс болған 4889 бейбіт тұрғындардың 335-і балалар. Бұл ретте ұйым нақты көрсеткіштердің әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Талқылау