Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО- тұрғыны таудан қап толы алтын тауып алды (фото)

Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданының тұрғыны бір дорба алтын тауып алдым деп арнамызға хабарласты. Шалқар Сағадиев Қызылкесік ауылының маңындағы Қубас асуында көлігі бұзылып, тас іздеп тауға шығады. Сол сәтте жол жиегінен 100 метр қашықтықта ескі кенеп қап ішінен белгісіз зат табылған,-деп жазды 31 арна.

алтин

«Cодан тас іздеп төбеге шығып кеткенмін. Жартастың түбінен бір мөшек тауып алдым. Ішін ашып қарасам, құйылған екі зат. Сап-сары. Тас сияқты қаттылау. Шифры, жазуы бар сыртында»,- деген  Екпін ауылының тұрғыны  Шалқар Сағадиев.

Қаптың ішінен тары тектес ұсақ және пішінделген қалыбы бар мынандай заттар шыққан. Сонымен қатар 1968 жылы басылған “Уральский рабочий” газетінің кейбір даналары бар. Азамат жедел жақын маңдағы елді мекеннің учаскелік полициясына хабарлап, алтын деп ойлаған затты сараптамадан өткізу үшін табыстап береді. Бір қызығы, аудандық ішкі істер бөлімі мұндай жайттың тіркелмегенін айтып отыр.

Яғни, сараптама жасалмаған. Ал цилиндр формалы заттың сыртқы көрінісін қараған мамандар металл құймаларын былайша бояумен таңбалау сирек кездеседі дейді. Айтуларынша минералдың бір түрі болуы ықтимал.

Оқи отырыңыз:

Гүлнұр Оразымбетова құрбысы Алтынай Жорабаеваны оқушылардан сақтандырды

Күләш Байсейітова қаза болғанда оның алтын бұйымдарын тонап кеткен кім?

Қостанай облысында ауыл тұрғыны шкафынан соғыс гранатасын тауып алды

Трамп мұсылман елдерінің халқына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

 

Талқылау