Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнұр Оразымбетова құрбысы Алтынай Жорабаеваны оқушылардан сақтандырды

Алтынай Жорабаева ҚР Ұлттық музейінің экскурсия жүргізушісі болды. Ұлттық музейде «Жұлдызды гид» жобасы өткізіледі. Алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырылған шара биыл екінші рет өткізілмек. Жобаға қатысуға бес өнер жұлдызы шақырылды. Оның бірі – әнші Алтынай Жорабаева. Аталған жобаға 2015 жылы Гүлнұр Оразымбетова да қатысқан екен. Ол құрбысын оқушылардың қиын сұрақтарынан сақтандырды.

16907983_1856702514604653_5960204860589604864_n

Фото: instagram.com/zhorabayeva/?hl=ru

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

– Музейде жүргізуші болуға дайындық қалай жүріп жатыр?

– Кеше осы тақырыпта Индира Расылхан екеуіміз сөйлестік. Ол «Сенікі қандай қиын еді?!» деп мені бұрынғысынан бетер қорқытты. Бұл саланың кәсіби маманы болмаған соң қобалжитыным рас. Нақты қалай өтетінін кейін көре жатармыз. Өткенде қалай жүргізу керектігін барып көріп алдым.

– Алтынай, мен 2015 жылы сенің орныңда болғанмын. Оқушылар тарапынан сұрақтар өте көп қойылады. Соларға дайын болғаның дұрыс.

– Өзім білмей жатсам, «Жаным, сен маған соны айтып берші» дей саламын.

– Арнайы костюмдер тігіледі деп жатырсыз. Сіз сонда қандай киім киесіз?

– Иә, арнайы музей жүргізушісінің костюмін киемін. Өзімді басқа саланың маманы сезініп, солардың образында жүремін. (Күлді.)

– Жүргізуші болып жүріп өзің біліміңді шыңдайтын шығарсың?

– Мені осы жобаға шақырған жандарға алғысым шексіз. Көп нәрседен қараң қалып жүр екенмін. Үнемі тынымсыз тіршілікпен жүремін. Бірақ уақыт табуға болады екен. Өйткені, әрқайсымыз туған еліміздің тарихын білуіміз керек. Шыны керек, алтын залды берген кезде қатты қуандым. Ол залға біздің алтын жәдігерлеріміз бен қазба байлықтарымыз қойылған. Соларды көре отырып «Музейге міндетті түрде қыздарымды әкелемін» деп уәде бердім.

– Мен өзім мектепте даталарды жаттай алмай қиналатынмын. Қажет мәліметті жаттап үлгердіңіз бе?

– Ол жерде барлығы көрініп тұрады. Сол себепті жаттап жатудың қажеті жоқ. Мен алдында бір рет барып Әнелдің қалай жүргізгенін көріп, қажет материалдарды есімде сақтап алдым. Одан кейін қыздар маған ақпаратты жіберді. Бір шетінен жүргізіп тұрып ақпарат өздігінен еске түсетін шығар деп отырмын.


Жіберіп алмаңыз:

“Мақсат пен Мақсат” тобы тыңдармандарымен қайта қауышпақ

Төреғали Төреәлі өзі сынаған “Ninety one” тобының образын қайталады

Лара Фабиан Димашты жеңісімен құттықтады

Ата-анасы: Ауылдың ауасымен тыныс алған Димашқа қалған 7 кезең оңай болады (видео)

Талқылау