Қостанай облысында ауыл тұрғыны шкафынан соғыс гранатасын тауып алды
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Елшановка ауылының тұрғыны өз үйінен граната тапқан деп хабарлайды өңірдің ТЖ жөніндегі департаменті.

Ведомство мәліметінше, 55 жастағы әйел сәрсенбі 8 ақпан күні шкафынан соғыс қаруын тауып алыпты, деп хабарлайды Sputnik.
Полицейлер анықтағандай, бұл – жаяу әскерге қарсы қорғаныс гранатасы Ф-1, коррозияға ұшырапты. Граната зиянсыздандырылды.
Жіберіп алмаңыз:
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"