Қазақстанда сақ дәуіріне тиесілі алтын бұйымдардың сенсациялық суреттері жарияланды (фото)
Археолог Ерден Оралбай мен фотограф Олег Біләлов сақ дәуіріне тиесілі алтын бұйымдардың суретін жариялады. Бағалы заттар осы жылдың жаз айында ШҚО-ның Елеке сазы аймағынан табылған еді. Археологтар бульдозердің көмегімен қорғандарды ашатын қазушылардан құтқарып қалды.
Сақ әшекей бұйымдары Рим империясынан да көне, олардың пайда болғанына 2800 жылдан асқан. Археолог Ерден Оралбайдың айтуынша, Елеке сазы үстірті сақ мемлекетінің саяси орталығы болған. Ал биік таулы Тарбағатай кереметтей жайылым жері ретінде пайдаланылған, деп хабарлады Экспресс-К.
Жалпы Елеке сазы үстіртенде шамамен 300-ден аса қорған бар.
Фото: Олег Біләлов
Өкінішке қарай, қазушылардың бірі қорғанның бірін төңкеріп тастаған. Ерден Оралбайдың айтуынша, оның көп бөлігі біздің заманымызға дейін бұзылған. Бұл жерден бағалы заттарды тек өте тәжірибелі археологтар таба алады. Елеке сазы аймағында жер астында әлі де сақ дәуіріне тиесілі алтындар бар.
Алан Исаев
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанда сақ амазонкалары туралы фильм түсіріліп жатыр (фото)
Маңғыстау облысынан Едіге қолбасшының мазары табылды (фото)
Семейдегі будда шіркеуінен ежелгі мысыр папирусы табылды (фото)

Шымкенттік кәсіпкер белгілі заңгер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдады деп айыптады: Қоғам белсендісінің өзі не дейді?
