Қазақстанда сақ амазонкалары туралы фильм түсіріліп жатыр (фото)

Сейсенбі, 1 Қараша , 2016 19:11

Отандық компания көрермендерді “Амазонка” атты жаңа туындысымен қуантпақ. Аталған фильм Сақ дәуірінде өмір сүрген феминист әпкелі-сіңлілердің өмірі туралы баяндайды.

3E0A0998

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін елімізде Сақ әйелдері туралы “Амазонка” деректі фильмінің түсірілім жұмыстары аяқталды. Аталған туындыны түсіру үшін небәрі 14 күн қажет болған. Оны АҚШ-тың Смитсонов институтының тапсырысымен түсірген екен. Stan.kz тілшісі түсірілім алаңында қонақта болып, фильм туралы қызықты деректер жинастырды.

Сақ дәуірінен сыр шертетін туындыны Colibri Films компаниясы түсіріп жатыр. Бірақ, фильмнің қолға алынуына шетелдік институт тұтқа болған. Институт деректі фильмді америкалық арнада көрсетуге уәде еткен. Мұнымен қатар, қаржыландырып, түсірілім алаңында қазақстандық режиссерлермен бірге жұмыс істеген әрі картинадағы реквиззиттердің б.з.д. 5 ғасырға сай келуін жіті бақылаған. “Амазонка” фильмінің режиссері Нарын Игіліков шетелдік мамандардан көп тәжірибе жинағанын айтып жатыр.

3E0A1011

3E0A1019

3E0A1016

3E0A1029

“Кастинг онлайн режимде жүргізілді. Алдымен, актерлерді біз таңдап, артынша видеоларын америкалықтарға жібердік. Олар көңілдерінен шыққан актерлермен тағы да кастинг өткізді. Қару-жарақ, киімдерді тарихшылардың эскиздері бойынша жасадық. Оларды әзірлеуге америкалық археолог Эдрин Мейер атсалысты. Тапсырыс берушілер фильмді тек келесі жылы көрсетеміз деп жоспарлап отыр. Осыған орай, фильмді Қазақстанда ертерек көрсете беруге рұқсат алдым. Құдайға шүкір, ауа райының суығынан өзге қиындық болмады. Оның үстіне сценарийді тапсырыс берушілердің өздері жазған болатын. Біз бар болғаны түсірілім орны мен актерлерді тауып бердік”, – дейді туындының режиссері Нарын Игіліков.

3E0A0984

“Амазонка” деректі фильмі Алматы облысы Жамбыл Музейі ауылында түсірілген. Әлемдік премьерасы 2017 жылдың 15 қазанына жоспарланып отыр. Ал елімізде EXPO-2017 аясында одан да ертерек көрсетілмек. Басты рөлдердің бірін Динара Бақтыбаева сомдайды. Әдетте ол комедиялық жанрдағы фильмдерге түскен. Сол себепті, ол түсірілім барысында айтарлықтай қиындықтар болғанын айтып жатыр. Оның үстіне дайындалуға уақыты да болмаған екен.

“Мен басқа жобадан бірден осы жерге келдім. Дайындалып үлгермедім. Осы уақытқа дейін өзге жанрдағы фильмдерге түсіп жүрдім. Аздап қиналғаным бар. Бірақ, тарихи жоба өзіме қатты ұнады. Зор тәжірибе жинадым десем де болады. Фильмде Аелла есімді бойжеткеннің рөлін сомдаймын. Мен өмірде өте сабырлы адам болғандықтан, кейіпкерім өзіме ұқсамайды. Ол керісінше қызуқанды, барлық түсініспеушілікті ұрыспен шешкенді жөн көреді. Түсірілім алаңында кез келген рөлді сомдай аламын. Ал фильмге оралсақ, ол маған феминизмді көксегендігімен ұнады”, – дейді Динара Бақтыбаева.

3E0A1038

3E0A1034

3E0A1024

Деректі фильм Еуразияның таулы аймағындағы үш әпкелі-сіңлінің өмірін баяндайды. Ұзақтығы – 50 минут. Олардың есімдері – Алкая, Самси, Аелла. Ал Динара Бақтыбаевадан өзге Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай, Хулан Чулуун сынды актрисалар бой көрсетеді.


Жіберіп алмаңыз:

Жолдыбаева: Актермен сүйісу үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймын (видео)

Қайрат Нұртас жол апатынан кейін туған жерінде концерт берді (видео)

Аша Матай тұңғышын дүниеге әкелді

Луина: Қазақ тілін үйреніп жүрмін. Мен ана тілімде сөйлегім келеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар