Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәлкім біреуді суға батырып жіберсе не болады": Оқу-ағарту министрлігі 2026 жылдан бастап жүзу сабағы қалай енгізілетінін айтты

бассейнФото: Александр Рюмин/ ТАСС

Қарашаның басында мектеп бағдарламасына жүзу сабағын енгізу жоспарланып отырғаны туралы мәлімдеме қоғамда үлкен резонанс тудырды. Qazaq Aquatics федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландиннің айтуынша, пилоттық жоба келесі оқу жылында-ақ Астана мен Алматы қалаларында іске қосылуға тиіс. Алайда ата-аналардың қауіпсіздік пен шағымдарына қатысты Stan.kz толығырақ оқу-ағарту министрлігінен сұрап білді.

Qazaq Aquatics өкілдері бұл бастаманың "қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға" мүмкіндік беретінін және Қазақстанды әлемдік спорт стандарттарына жақындатады деп сендірген. Федерация сондай-ақ қажетті инфрақұрылым бар екенін мәлімдеген. Баландиннің айтуынша, елде 360-тан астам бассейн бар, оның ішінде 35-50 метрлік олимпиадалық стандарттағы бассейндер де кездеседі.

Қазақстанда мектеп бағдарламасына жүзу сабағын енгізу туралы ұсыныс әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Қазақстандықтар көбі бұл бастаманы қолдап, оны балалар үшін қажетті дағды деп санаса, басқалары инфрақұрылымның жетіспеушілігі мен қауіпсіздік мәселелеріне алаңдап отыр.

"Ақыры, бұл барлық балаларға қажет базалық дағды", "Идея жақсы, жүзу барлық бұлшықеттерді дамытады, суда шомылған бала су айдындарында шынымен де қауіпсіз болады", – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Ал енді бірі сын айтып, инфрақұрылым мен қауіпсіздік мәселелерін алға тартып, алаңдаушылық білдіріп отыр.

"1990 жылдары Астанада, №1 мектепте 4-сынып оқушылары үшін дене шынықтыру сабақтары сол кездегі Оқушылар үйінің бассейнінде өтетін. Бірде қызым қыста бассейннен шығып үйге келгенде, шашы нағыз қатты мұздай болып тұрған. Балалар бассейннен кейін жиі ауырып кететін – мұғалім бәрін бірдей қадағалай алмайтын. Бір сабақта екіден сабақ қатарынан бассейнде болатын. Балалардың ағзасы суыққа және хлорға төтеп бере алмай, бәрі ауыратын. Кейін мұндай "сауықтыру" тоқтатылды. Астанада қыста бассейннен шыққаннан кейін әр баланы қадағалау мүмкін емес”, Ал микробтар ше? Кейбір балаларға ата-аналары көп қарамайды. Тіпті қолдарын да жумайды. Ал буллинг ше? Бәлкім біреуді суға батырып жіберсе не болады? Осындай жағдайлар бұрын да болған. Барлық мектепте душ кабиналары жеткіліксіз. Балалар дұрыс емес түрде жуады, әрқайсысы суда әртүрлі әрекет етеді", – деп алаңдаушылығын білдірді қазақстандықтар.

Алайда Астананың білім басқармасы бұл деректерді жоққа шығарды. Басқарманың мәліметіне сәйкес, елордада бірде-бір мемлекеттік мектептің өз бассейні жоқ. Ал жекеменшік мектептердің ішінде бассейні бары тек үшеу. Олар Quantum TECH School, "Алпамыс" және Nurorda. Мектептер жанынан бассейн салу жоспарланбаған, қаржы бөлінбеген, инфрақұрылымның дайындық деңгейі бойынша бағалау жүргізілмеген.

Оқу-ағарту министрлігі редакцияға берген жауабында мектеп бағдарламасына жүзу сабағын енгізу мәселесі қазіргі таңда қаралып жатқанын, бірақ нақты пән ретінде енгізу әлі күнге дейін жоспарланып отырған жоқ екенін мәлімдеді. 

Министрліктің жауабында бұл бастама "мектептердің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін, бассейндерге қолжетімділікті және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып талқылану кезеңінде" екені айтылған.

"Қазір жүзу дағдыларын оқыту факультативтік форматта ғана қарастырылып жатыр. Яғни сабақтан тыс уақытта мектеп ішіндегі немесе сыртқы спорттық нысандарда ұйымдастырылуы мүмкін. Сондай-ақ пәнді жүргізетін мамандарды даярлау бағытында дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, тренерлік кадрларды қайта даярлау және қауіпсіздік нормаларын оқыту бағдарламаларын әзірлеу мәселелері жоспарланып жатыр", – деп пікір білдірді министрлік. 

Бассейні жоқ мектептер мәселесі өңірлерге пилоттық апробация нәтижелері талданғаннан кейін ғана шешіледі екен. Министрлік атап өткендей, бұл бағалау "өңірлердің нақты қажеттіліктерін айқындау, нысандардың техникалық дайындығын талдау, жергілікті спорт кешендері мен федерациялармен әріптестік мүмкіндіктерін анықтау" сияқты аспектілерді қамтиды.

Қауіпсіздік мәселесі де мектептердің қауіпсіздік талаптарын ескере отырып қарастырылмақ, ал ауылдық мектептер жағдайы да инфрақұрылымдық мүмкіндіктер мен бассейнге қолжетімділікті ескере отырып талқылану барысында екен. Министрліктің әлеуметтік желіде көтерілген ата-аналардың алаңдаушылықтары да ескерілетінін айтты. 

"Жалпы білім беретін мектептердің негізгі оқу бағдарламасына жеке пән немесе міндетті модуль ретінде жүзу сабағын енгізу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Мәселе мектептердің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін, бассейндерге қолжетімділікті және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып талқылану кезеңінде", – делінген министрлік жауабында.
Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 26 Қараша, 2025 19:06
Талқылау