Тұңғышбай Жаманқұлов кінәсін мойындады

Жұма, 4 Қараша , 2016 9:43

Мемлекеттің ақшасын жымқырды деп айыпталған Тұңғышбай Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады.

Тунгышбай-Жаманкулов-3-1024x683

Тұңғышбай Жаманқұлов «Феникс» фильмін түсіру үшін бөлінген мемлекет ақшасын алғанын мойындады. Ол жасаған қылмысы үшін өкініп, шығынды міндетті түрде қайтаратындығын жеткізді.

«Жаманқұлов Т. қаражатты алып, оны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған фактілерді растады. Сондай-ақ, Жаманқұлов Т. ҚР ҚК 65-бабына сәйкес, кепілдік қалдырып, өзіне қатысты шаралардан бұлтартпау және жасаған қылмысы үшін өкініш білдіруіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш жасады», – деп жазды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

3 қарашада Тұңғышбай Жаманқұлов келтірген шығынның белгілі бір бөлігін қайтарды және оның жасы мен кепілге қойған мүлкін ескере отырып, оған қатысты «кепілдеме» шарасы қолданылды.

Қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініші Т. Жаманқұлов, Н. Юдина және Г. Ысқақова келтірген шығынды толық қайтарғаннан кейін қаралады.

Айта кетейік, тергеу қорытындысы анықтағандай, «Қазақфильм» АҚ фильмнің алдын ала дайындығы мен дайындық кезеңдері үшін «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-не 79 млн теңге аударған. Оның 69 млн теңгесін «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС арқылы аталған компанияның құрылтайшысы әрі картинаның продюсері Т. Жаманқұлов жымқырған. Қаржы қосалқы мердігерлік ұйымдар арқылы қолма-қол Т. Жаманқұловқа беріліп отырған. Қаржыны қолды қылуға «Қазақфильм» АҚ экономика және қаржы бойынша басқарушы директоры Г. Ысқақова мен фильмнің атқарушы продюсері Н. Юдинаның де қатысы болғаны анықталды. 2 қарашада аталған ақшаны жымқырды деген күдікпен Т.Жаманқұлов ұсталды.

Жіберіп алмаңыз: 

Жаманқұловтың жұбайы: Тұңғышбайды куәгер ретінде шақырған болатын

Орыс қыздарын жар еткен қазақтың біртуар қайраткерлері

Баян Есентаева: жаным қатты ауырып тұр

Джинсы сатқан қазақстандық инженер Forbes рейтингіне енді

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 1 күні кері

Құдай сақтасын.Баяғы 31-33 жылдардағы зобалаң келіп қалмасын.
Қазақ зиялыларына қырғидай тиген заман-ай.
Мұхтар Шахановтай ағамызды” бұзақы” ретінде сотқа шақыртып,
енді Тұңғышбайды “парақор” еткен қу заман.

Анонимно
1 ай 2 күні кері

Сол керек оған. Өте нашар адам. Сондай Тəкəппар, адамдарды менсінбейтін, қу-арам адам. Халыққа пайдасының тигенін естімеппін

Қазақ
1 ай 2 күні кері

Еее саясат кімді аяды дейсің?Бұл билікті мойындатудың бағызы заманнан бергі әдісі ғой…

Анонимно
1 ай 2 күні кері

Уятай

Анонимно
1 ай 3 күні кері

Тұңғышбай ағамыз біреулердің алдын кесіп өткен ғой. “Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады”. Белгілі сценарий…

Анонимно
1 ай 4 күні кері

Масқара!

Анонимно
1 ай 4 күні кері

Иə, Раббым, бауырларымның жүректеріне тұрақты иман бере көр!

Жұмбақ жан
1 ай 4 күні кері

Әй, қайдам. Өтірік енді осы кісіні ақша жеді дегені.

Гулеке апа
1 ай 4 күні кері

Иа артистин аз жалакысынан осылар калай байиды десем…

Анонимно
1 ай 4 күні кері

Ақша жымқырған Тұңғышбай ағамыз ғана ма? Бұл біздің қоғамның дерті!!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар