Джинсы сатқан қазақстандық инженер Forbes рейтингіне енді

Бейсенбі, 3 Қараша , 2016 12:03

Силикон алқабында джинсы сатқан қазақстандық инженер Назим Палташев Forbes рейтингіне енді. Әлемдегі ең бай адамдар бүгінде жаңа брендтің өнімдеріне таңдау түсіріп жатыр.

уауа

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Назим Палташев Қазақстанда туып-өскен, біраз уақыт Санкт-Петерборда тұрған және әкесінің жұмысына байланысты Америкаға көшіп кеткен. Палташевтың негізгі мамандығы – инженер, бірақ ол өзін сән индустриясынан тапты.

«Өз бизнесімді құрғым келген сән саласында да инженер мамандығым көмегін тигізіп жатыр. Мен тек қана джинсымен айналысуды шештім, себебі бұл – Кремний алқабындағы ең танымал киім. Менің бүкіл өмірім көшіп-қонумен өтті, отбасым халқымыздың тілі мен мәдениетін және отанға деген махаббатты сақтап қалғысы келді. Мен Қазақстандағы жылжымайтын мүлкімді сатып, өз қаражатыма бизнес аштым», – дейді инженер.

Палташевтың айтуынша, қазір штатта 10 адам жұмыс істейді, олардың арасында дизайнерлер, технологтар, істі ілгері жылжытумен айналысатын директорлар бар. Команда кішігірім болғанымен, өте тәжірибелі.

Сондай-ақ, брендті дамытуға қосалқы мердігерлер де өз үлесін қосуда. Әрбір қызметкер штатқа қабылданарда компанияның бір үлесін алады, сонымен бірге оларға ай сайын жалақы төленіп отырады, тіпті арнайы ынталандыру бағдарламасы да бар.

Оқи отырыңыз:

4000 теңгеден бастап: Қызылордада ерлер жейдесі шығарыла бастады (фото)

Назарбаев: Төрт көлігі барлар біреуінің құнын берсін

Назым Қызайбай Бауыржан Оспанов салып берген үйін көрсетті (фото)

Әуе билетін тиімді бағада сатып алу жолдары

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар