Назым Қызайбай Бауыржан Оспанов салып берген үйін көрсетті (фото)

Сәрсенбі, 2 Қараша , 2016 15:06

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай меценат Бауыржан Оспанов салып берген үйін көрсетті.

20161102145722

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Спортшының айтуынша жаңа баспанада өзінің ата-анасы тұрады екен. 4 бөлмелі жаңа шаңырақ Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында салынған.

20161102145718

«Бауыржан Кеңесбекұлы үйдің құрылысын толықтай аяқтап, кілтін табыстады. Қазір жиһаздарды алып, ыңғайланып жатырмыз. Бауыржан ағаның қамқорлығына, спортқа деген жанашырлығына алғыстан басқа айтарым жоқ. Көлікті де әперді, енді міне үй салып берді. Артқан үмітті ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын», – деп спортшы қыз өз алғысын білдірді.

20161102145715

Назым Қызайбай Алматы облысы Іле Ауданы Жетіген ауылында дүниеге келген. Отбасында 6 ағайынды. Өзі үйдің 3-ші баласы. 23 жастағы спортшы қыз қазір спорттық бабында.

«Жоспарымда әлі тұрмысқа шығу деген ой жоқ. Алдағы жарыстарға дайындалып жүрмін. Мен өзім Алғабастағы жеке пәтерімде тұрамын. Ал, Бауыржан аға салып берген үйде ата-анам тұрады», – деді Назым Қызайбай.

20161102145706

Естеріңізге сала кетейік, Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жерлесі, белгілі кәсіпкер – Бауыржан Оспанов үй салып бергенін айтып, алғысын білдірген еді:

«Сәлеметсіздер ме, менің құрметті инста оқырмандарым. Мен 2014 жылы бірінші рет Әлем чемпионатын ұтқанда Бауыржан Оспанов ағамыз маған көлік сыйлаған еді, ал 2016 жылы мамыр айында өзіміздің Астанада өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы болып, Әлемнің екі дүркін чемпионы атанғанда, маған және ата-ана, бауырларыма үлкен үй салып беремін деген еді. Міне, қазір сол үйге көшіп келдік. Осындай ағамызға барлық отбасымыздың атынан үлкен рахмет айтқым келіп отыр! Осындай Бауыржан ағамыздай, қазақтың спортқа деген барлық жағынан көмектесіп, көңіл бөліп жүрген ағаларымызға мың да бір рахмет!!! Аман болыңыз, Бауыржан аға!».

20161102145710

Айта кету керек, спорт жанашыры, Жетісу жерінің тумасы – Бауыржан Оспановқа Қанат Ислам да өз алғысын жаудырған болатын. Жəне меценат өзінің жерлестеріне де ерекше қамқорлығын жасауда. Қазір Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылының халқына бар жағдай жасалған. Ауылда кинотеатр, спортзал, демалыс алаңы, тойхана сынды өзге де халық үшін аса қажетті ғимараттардың барлығын кәсіпкер Бауыржан Оспанов жөндеп, ел игілігіне берді. Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында ауылға қаланың білікті мамандарын меценат өзі арнайы шақырып, жаңа баспана салып, барлық жиһазға дейін алып берген. Жалақыларын да бірнеше есе өсірген. Мұғалімдер қаладан тек чемоданмен келгендерін айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарлық 21 жастағы бойжеткен ауладан автокөлікті ұрлап мініп кеткен

“МұзАрт” тобы еш жерде жария етілмеген құпияларымен бөлісті

Сауд Арабиясындағы басқарушы отбасының ханзадасына сот шешімімен дүре соғылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 1 күні кері

Құдайдың назары түзу болғай! Мұндай мықтыларды құрту модаға айналды ғой. Алла қолдағай Атымтай азаматты!

Анонимно
1 ай 2 күні кері

Сiздей спортшылырамыз аман болсын, Бауыржандай агаларымыз аман болсын!!!

Анонимно
1 ай 2 күні кері

Кұтты,берекелі шаңырақ болсын, Азаматтарымыз аман ауырмасын!

Анонимно
1 ай 3 күні кері

Сіздей азаматты дүниеге әкелген ата – анаңыга мың алгыс!

Анонимно
1 ай 3 күні кері

Осы уйдин проектиси барма жаксы екен

Анонимно
1 ай 3 күні кері

Жарайсыз аға.сіздей жанашыр азаматтар көп бола берсін.жақсылығыңыз Алладан қайтсын

Анонимно
1 ай 3 күні кері

Мине нагыз азамат

Анонимно
1 ай 3 күні кері

Оте керемет, осындай жанашыр агаларымыз коп болсын! Аллах разы болсын!

Қолдау
1 ай 3 күні кері

Нағыз азамат! жарайсыз! осындай азаматтар көбейе берсін!

Анонимно
1 ай 3 күні кері

Бауыржан аға жарайсыз оистип спортшыларға демеу беріп турсаныздар көнілдеры жақсы боп бүкіл əлемди жеңіп ырза қалдырады жарайсың Назым тек алға жаңа жетістіктерге жетебер

Анонимно
1 ай 3 күні кері

Міне осы ағаларымыздан үлгі алу керек. Халықтың ақшасын жинап шет елге қашып кетіп отырған кісілерге үлгі болса екен.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар