4000 теңгеден бастап: Қызылордада ерлер жейдесі шығарыла бастады (фото)

Жұма, 28 Қазан , 2016 14:45

Елімізде жыл санап отандық өнімдер көбеюде. Бұрындары тек сырттан келген киімді киіп, өзге елден алдырылған азықты тұтынсақ, бүгінде отандық нарықта өзіндік есімін қалыптастырып үлгерген брендтті тауарлар пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

далатек

Солардың бірі Қызылорда шығатын Dalatex бренді. Сыр өңірінің өндірушілері 100% мақтадан тұратын ерлер жейдесін шығарады. Бұл туралы желідегі парақшасында қоғам қайраткері Мұрат Әбенов жазды.

«Жігіттер, отандық жаңа Dalatex брендінің атауын жаттап алыңыздар. 100% мақтадан тұратын ерлер жейдесі. Құрылғы Жапониядан, ал технология мен маталар Түркиянікі. Ал жұмыс істеп жатқан біздің шеберлеріміз. Кіріс те бізге кіреді. Сол себепті отандық өнімді сатып аламыз! Өндіріс менің туған жерім Қызылордада 2016 жылдың көктемінде іске қосылды. Киімді шығаруға атсалысып жатқан ұжым жастардан құралған. Тауар Астана, Алмат, Атырау және Қызылорда қалаларында бар. Қазіргі уақытта еліміздің барлық аймағына жеткізу мақсатында интернет-дүкенін ашу үшін сайт даярлануда. Өзім 4 жейде сатып алдым. Шыны керек мұндай бағаға Еуропада бір жейде де ала алмайсыз», – деді Әбенов.

далатекс

14717419_581550255371022_7622855261434150912_n

14449348_1801792526731181_2204769694160781312_n

14482976_1692230067770246_6087908334382350336_n

14727497_1683624081953349_8644714666477486080_n

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстанда Bentley автокөлігі көбейетін болды

ОҚО-да бизнесмен асқабақ, жаңғақ және мүкжидектен тосап жасап сатуда

Әуе билетін тиімді бағада сатып алу жолдары

21 қарашада тозығы жеткен көліктерді қабылдау басталады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 12 күні кері

Атырауга келгенше 10 мыннын айналасында болады гой. оданда коп болмаса

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар