Баян Есентаева: жаным қатты ауырып тұр

Бейсенбі, 3 Қараша , 2016 22:24

Баян Есентаева күйеуіне кесілген жазаға қатысты өз пікірін білдірді. Танымал продюсер соттың шешіміне қайғырып отырғанын, алайда заңның баршаға ортақ екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

photo_65540

“Мен кешіргеніммен, заң кешірмеді. Демек менің, оның және балаларымыздың өміріміз, тағдырымыз осындай. Болған оқиға, бір-бірімізді түсіне алмағанымыз, балаларымның көз жасы, кеткен қателіктер мен ойланбай жасаған қадамдарымыз үшін жаным ауырады. Елдің сынына, қоғам пікіріне, елдің менің өміріме ерекше зер салып қарайтынына үйреніп қалғанмын. Пікірлердің басым дені жағымсыз, оны айтпас бұрын ел біздің де ет пен сүйектен жаралған адам екенімізді ұмытып кететіндей. Әр адам қателеседі. Басымнан өткерген жағдай ағаттық па әлде жоқ па, әзірге мен білмеймін. Оны уақыт көрсетер. Жүрек ақылға бағынбайды. Менің де, оның да басынан өткен жайт осы. Әркім өзіне тиісті жазасын алды. Заң баршаға ортақ. 22 жыл отастық. Барлық басқа отбасылардағыдай бізде де түрлі жағдайлар болды – жақсысы, жаманы бар, алайда оның керемет әке болғанын атап өткім келеді. Балаларымды жалғыз тәрбиелеу маған да оңай соқпайды, бірақ менің қолымнан келеді. Бұрынғы күйеуімнің хикаясы мұнымен бітпесіне сенімдімін. Ол мықты адам, мен оған тек денсаулық, төзімділік тілеймін. Оның әлі де болса жақсы өмір сүріп кетуге мүмкіндігі бар. Бар айтарым осы, енді БАҚ өкілдері мазаламаса деймін», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Талдықорған қаласында өткен сот отырысында өз әйелін ұрып-соққан Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкім шығарды. Продюсердің бұрынғы күйеуі 9 жылға қатаң режімді колонияға жіберілді. Алайда Есентаевтың өзі сот барысында кінәлі еместігін айтқан. Сондай-ақ, ол аппеляциялық шағым түсірмек.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда алаяқ SIM-карта көшірмесі арқылы өзгенің есепшотынан жарты миллион долларды шешіп алған

Өскеменде әскерде оңбай таяқ жеген сарбаз ауруханада ес-түссіз жатыр

Теміртауда оқушылар сабап тастаған азамат өз пікірін білдірді

ОҚО-да ауладан табылған қыз сот шешімімен асырап алған анасында қалдырылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
28 күні 23 сағат кері

ол балалардын əкесі емес пе.Баян сені құдай кешпейді.

Анонимно
28 күні 23 сағат кері

Мен отбасымын,қатын, бала-шағам, немерелер бар. Алла Тағалама мыңда бір рахмет. Бәрін кешіруге болады, егер күйеуі пышақтамағанда, өлтіруге оқталмағанда. Ал қазір мен үшін ол ер емес ез, қыздарының алдында масқара болды,қанішер, елдің алдында баукеспе қылмыскер атанды

Анонимно
29 күні 11 сағат кері

баян дегенине жетти

Анонимно
29 күні 21 сағат кері

Бул сот шешими дурыс баскаларга улги болат жон жосыксыз кол сермемеитин болат егер сот Есентаевты босатса баскалар а болат екен деп кутылат екем деп кол сермеу мумкун недегенмен каи тараптан караса да адилетти шешим

Анонимно
29 күні 22 сағат кері

Баянга киын болды тагдыр шыгар тунин артынан кун шыгар Баян сен ушин кун шыксын тилеулеспин

Анонимно
28 күні 7 сағат кері

несине киын болды, баскасы дайын шыгар Бакенде

Гулеке апа
1 ай 5 сағат кері

Киын болды. Окингенмен пайда жок. Басында ойлану керек еди.

Анонимно
1 ай 6 сағат кері

Бұл қыз шешесінен қалыспай жатыр ғой
Атын шығарғысы келіп жақсы жаңалықтар мен шықса ғой артынан ерген сіңілісіне берген тəрбиесі сол ма?

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар