Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Бақытбек Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айырды

Бүгін Талдықорған қаласында өтіп жатқан Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Берікжан Байжүнісов Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімін жария етті.

20161103143854

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Судья Бақытбек Есентаевқа қатаң режимдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім тағайындады. Айта кетерлігі, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Есентаевқа қатысты қылмыстық іс жабық режимде, алқа билердің қатысуымен өткен болатын.

Өзінің көлігінде жұбайын зорлап, бірнеше жерден пышақтаған Бақытбек Есентаев бірнеше қылмыстық бап бойынша айыпталуда. Б. Есентаев ҚР ҚК-нің 24-бап 3-бөлімі, 99-баптың 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-баптың 1-бөлімі (зорлау) 121-баптың 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша айып тағылған еді.

Бұған дейін Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне кешірім беруге дайын екенін мәлімдеген еді.

Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Оқи отырыңыз:

Теміртаулық оқушылардың қарт адамды жабыла сабаған видеосы желіде пайда болды (видео)

ОҚО-да ауладан табылған қыз сот шешімімен асырап алған анасында қалдырылды

Зарина Омарова сахнаға қайта оралу үшін 25 келі салмақ тастаған

Соңғы кезде кең тараған жалған ақшаларды ажырата білуге үйрететін ролик таралды (видео)

Талқылау