Теміртауда оқушылар сабап тастаған азамат өз пікірін білдірді

Бейсенбі, 3 Қараша , 2016 22:04

Теміртау мектептерінің бірінде 4-ші сынып оқушыларының ақыл есі кем адаммен алысып жүрген бейнеролигі ғаламторда қызу пікірталас тудырды. Видеоны жүктегендер мектеп балаларының әлжуаз жанды соққыға жыққаны туралы мәлімдеген, деп хабарлады КТК арнасы.

64wLxdOU4qM

Бейнероликте бір топ оқушы Александр Огневті ортаға алып, бас киімін бір-біріне лақтырып жүр. Оларды қуған 54 жастағы тұрғынның баспалдақта шалынып құлағаны да көрінеді. Роликті ғаламторға жүктеген автор кемтар адамға балалардың қатыгездік жасағанын айтқан. Содан қызу пікірталас туып, мектеп басшылығы мен ата-аналардан түсініктеме алыныпты.

Оқушылар мен мүгедек жанның ойынын ата-аналардың бірі видеоға түсіріп алған. Оқушылардың әрекетіне қайран қалған әйел оларды ажыратудың орнына телефонын ала жүгірген. Мектеп директоры ата-ананың бұл қылығын түсінбей дал. Есесіне әйелдің өзі дұрыс жасағанына сенімді. Айтуынша, егер ол видеоға түсірмесе, оқушылардың жауыздығынан көпшілік бейхабар болар еді.

«Куәгер болған жайтты мектепке кіріп айтуы керек еді. Тым болмағанда ажыратса да болады. Үлкен кісі айтқанда оқушылар доғарады ғой. Ғаламторға жүктеп, өзіне рейтинг жинағысы келген әйелдің бұл қылығы барып тұрған ақымақтық әрі жауыздық», – дейді Теміртаудағы №20 мектеп-лицейінің директоры Ғалым Қоңыртаев.

Ата-ана Фатима Шарайманова:

«40 секунд қана түсірдім, өшіріп, қағаздарды алып бардым. Осылай дұрыс шығар дедім. Шара қолданбаса, балалар қатігездене түседі, ал біз қартайғанда соның азабын тартамыз», – дейді.

Алайда бүгін бейнероликте зардап шекті деген мүгедек жанның өзі мектепке келіп, балалармен әншейін ойнағанын жеткізді.  Сол ауданда туып өсіп, ешкімге қиянаты жоқ Александрды мұндағы оқушылардың бәрі таниды екен. Александр Огнев – мүгедек, ақыл-есі 12 жасар баланікімен бірдей.

«Мен өзім ол балалармен ойнағанмын. Барлығы да менің ауламда тұрады. Сабақтарына шығарып салам, күтіп алам күнде. Жаңағыдай күнде ойнап асыр саламыз. Балаларды сол үшін жазғырудың қажеті жоқ. Олардың барлығы менің достарым», – дейді Теміртау қаласының тұрғыны Александр Огнев.

Естеріңізде болса, бұған дейін желіде қарт адамды жабыла сабаған оқушылардың видеосы туралы жазған едік.

Жіберіп алмаңыз: 

Өскеменде әскерде оңбай таяқ жеген сарбаз ауруханада ес-түссіз жатыр

Ақтауда мас ер адам ұрлап алған гүлдерін көшедегі қыздарға таратып берген

ОҚО-да ауладан табылған қыз сот шешімімен асырап алған анасында қалдырылды

Жаманқұловтың жұбайы: Тұңғышбайды куәгер ретінде шақырған болатын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар