Өскеменде әскерде оңбай таяқ жеген сарбаз ауруханада ес-түссіз жатыр

Бейсенбі, 3 Қараша , 2016 21:53

Өскеменде аяусыз соққыға жығылған сарбазға қатысты іс тергелуде. №5518 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге келген Жанат Иманбердінің қазір сөйлеуге де шамасы келмей, ауруханада ес-түссіз жатыр. Жауынгердің жақындары сау баланы осындай халге түсірген сондағы үлкен сарбаздар екеніне сенімді. Өйткені Жанат бұған дейін олардан таяқ жегенін туыстарына бірнеше мәрте айтқан екен, деп хабарлады КТК арнасы.

4567893214

Әскерге өз аяғымен кеткен 19 жастағы азаматтың қазіргі күйі нашар. Қатардағы жауынгердің жүріп-тұрмақ түгілі сөйлеуге де шамасы жоқ.

Талдықорғандық Жанат Иманберді биыл маусымда Өскемендегі №5518 әскери бөліміне шақыртылған. Арада 4 ай өткен соң зіңгіттей азамат арбаға таңылып отыр. Жақындары оны осындай өлімші халге түсірген өзінен үлкен сарбаздар деп есептейді.

«Бізге ешкім хабарламаған. Тек жаны ашыған мейірбике ғана хабарлап айтқан. Біз содан бері жүгіріп жүрміз. Оны ұрған Қыстаубаев, Әбдіразақ және Мейрамбекұлы. Олар жауапқа бір адамды ғана Қыстаубайды алайын деп отыр», – дейді Ж.Иманбердінің ағасы Сәкен Ғабдуллин.

Жанат бұған дейін үйіне бір емес, бірнеше мәрте хабарласып өзінің әлімжеттік көріп жүргенін айтыпты. Бірақ туыстары жағдайдың соншалықты ушығарын білмедік дейді. Соққыдан хәлі күрт нашарлаған сарбазды алғашында психикалық диспансерге жатқызыпты. Ал ондағылар оның беті бері қарамасын біліп, кеше ғана туыстарына хабар берген. Ағайыны іске араласқан соң, жауынгер жындыханадан қалалық ауруханаға ауыстырылды. Дәрігерлер болса әскерге жарамды саналған сарбазға «эпилепсия» деген диагноз қойған.

«Бұл тоғыз айлық кезінен жетім қалған менің сіңлімнің баласы. Бұл әскерге дейін ешқашан ауырмаған дені сау бала болатын. Ол армияға өзі сұранып, барған әскери борышымды өтегім келеді деп», – деді Ж.Иманбердінің нағашы әкпесі Бақыткүл Жұмақынова.

Әскери бөлім басшылығы болған жайтты нақты түсіндіре алмады алмады. Мұнда әлімжеттік атымен жоқ деп ақталғандар, тек бұл жағдайға қатысты үш сарбаздың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Әскери полицияға қатардағы жауынгер Иманберді Жанат арыз жазыпты. Үш сарбаз жоғарыда көрсетілмеген қарым-қатынас көрсеткен. Сол бойынша әскери полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір тексеру жүріп жатыр», – дейді 5518 әскери бөлім командирінің орынбасары Мұхамедияр Айтжан.

Дәрігерлер Жанаттың қазіргі ауруы уақытша ғана деп отыр. Яғни ол тілге келіп, ақыл-есін қайта жинауы мүмкін. Ал туыстары айыптыларды абақтыға қаматамыз деп, істі қолына алар адвокат іздеуде.

Жіберіп алмаңыз:

Сот Бақытбек Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айырды

Бақытбек Есентаев: Мен кінәлі емеспін

Алматыда алаяқ SIM-карта көшірмесі арқылы өзгенің есепшотынан жарты миллион долларды шешіп алған

ОҚО-да ауладан табылған қыз сот шешімімен асырап алған анасында қалдырылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев

Пікір қалдыру


Шнара
29 күні 2 сағат кері

Аман есен жазылып кетсін, Алла шипасын берсін!

Анонимно
29 күні 13 сағат кері

Онбагандар командирлер кайда карап отыр осымен быр рет емес канша рет каиталанып жатыр балдарымыз ды калай жиберемыз осындайдан кеиын

Акмарал
29 күні 17 сағат кері

Дұрыс, ондайлар əділ жазасын алу керек .

Анонимно
29 күні 22 сағат кері

Дал осы жагдаимен менин адвокатым аиналыскан еди канша акша берип акт алган алаяк ты барибир адилдикпен жендик.ол ушин адвокат аиел киси болганы дурыс екен.булаи дегеним алдынгы 3адвокатымыз еркисилер еди.3соттада женилис таппадык.ал кеин аиел кисини жалдап биринши сот отырысында адилдикпен жендик

Анонимно
1 ай 1 бір сағат кері

Келисим щарттагыларды калдырмау керек негизи барлык бале солардан болат

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар