Маңғыстау облысынан Едіге қолбасшының мазары табылды (фото)

Бейсенбі, 22 Қыркүйек , 2016 11:43

Маңғыстау облысында тарихи мазар табылды. Тарихи ескерткіш Алтын Орданың беделді басшыларының бірі Едіге қолбасшыға тиесілі болуы мүмкін. Мазардың суреттері желіде тарап үлгерді.

39bf3c13bb0360e45069da3bbecb843c

Едіге 20 жыл бойы Алтын орданы басқарды. 1399 жылы Литваның князі Витовт пен Литваға қашқан Тоқтамыстың әскерлерін құртып, 16 шайқастан кейін оларды жеңген. Мемлекетінің гүлденген шағында Едігенің қол астында 600 мың атты әскер болған. Ол кезінде Бату хан жаулаған жерлерді басқару әлеуетін Алтын Ордаға қайтарған басшы.

feac7291b62e6d696cd938fd5dfc997d

Едіге қайтыс болғаннан кейін Ноғай ордасын оның ұрпақтары басқарды. Кейін оны қазақ ханы Қасым өз мемлекетіне қосып алған. Едіге қожа руынан шыққан Қожа Ахмет Яссауидің тікелей ұрпағы болып табылады. Одан бөлек, Едіге түркі халықтарына ортақ «Қырымның қырық батыры» эпосының қаҺарманы.

Экспресс-К Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы басшысының орынбасары Марат Өтесіновпен тілдескен. Ол өз кезегінде мазардың табылғанын растады. Алайда бұл жерде расымен де Едіге қолбасшының жерленгенін әлі сараптама растауы тиіс.

4c57a57d13e5118b49f685fb024cfabc

b46f4d6a8ddbf78ddcd79f9a42061dd4

«Мазарды зерттеу барысында араб тілінде «Едіге» деп қашалып жазылған тас табылды. Ал моланың өзі Маңғыстау облысының ескерткіштер тізіміне 2008 жылы енген болатын. Мазар өте қатты зақымдалған», – деп атап өтті Марат Өтесінов.

Айта  кетейік, Едіге Тоқтамыстың ұлдарымен шайқас барысында Қазақстанның батыс аймағында мерт болған. Бұған дейін, жұрт қолбасшыны Қарағанды облысындағы Ұлытау тауына жақын маңда жерленген деп есептеген еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Сүлеймен сұлтанның моласы табылды

Семейдегі будда шіркеуінен ежелгі мысыр папирусы табылды (фото)

Ақтөбеде ерте темір дәуірінің қорғаны табылды

Орталық Қазақстан археологтары жер астынан пирамида тапты (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
3 ай 25 күні кері

Едіге Ұлытауда жерленген туралы деректер бар, сосын ол қоңырат руынан.

Анонимно
3 ай 26 күні кері

Менің ұлымның есімі Едіге елі қожа

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар