Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да Балалар үйінің басшылығы аса ірі көлемде ақша жымқырғаны белгілі болды

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірдегі Балалар үйіне қатысты орын алған сыбайлас жемқорлық ісін қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жемқорлық

ШҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы Ерлан Жалмағамбет онлайн-кеңес өткізіп, онда "Өскемен қаласының мамандандырылған балалар үйі" КМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде бюджеттік қаражатты бірнеше рет ұрлау фактісі бойынша қылмыстық ісін талқыланды.


Алматыда балабақшадағы бір жарым жасар қызды ұрып-соқты: Оқиғаға қатысты мәліметтер шықты 


Балалар үйінің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде үнемі тонап отырғаны белгілі болды. Олар өздеріне ірі көлемдегі жалақыны, іссапар шығыстарын негізсіз есептеп, ақшаны бір ЖШС-нің шотына негізсіз аударып жүрген.

"Сонымен қатар, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының жауапты тұлғалары бюджеттік қаражаттың жұмсалуы бойынша кәсіпорынның жұмысын бақыламаған, бұл туралы аталған ведомствоға қарасты мекемеде тексерістердің болмауы куәландырады", - деді ШҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі баспасөз қызметінде.

Талқылау