Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да карантин ұзартылады

ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы шықты.

Қаулыда жазылғандай, өңірдегі шектеу шаралары 7 наурызға дейін ұзартылды. Десе де 8 ақпаннан бастап екі апта бойы Шығыс Қазақстан тұрақты түрде «жасыл» аймақта келе жатқандықтан карантин шаралары жеңілдетілмек.

«Қоғамдық тамақтану объектілері аптаның барлық күндері сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді. Ғимараттардың ішіндегі және сыртындағы азық-түлік және басқа да тауарларды саудалайтын базарларға жұмыс күндерінен бөлек демалыс және мереке күндерінде де жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері) аптаның барлық күндерінде шектеусіз жұмыс істейді», - делінген құжатта. Жексенбі күні базарлар мен сауда нысандары сағат 18.00-ге дейін ғана-ақ ашық болады.

«Базарлар мен жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын сауда объектілерінде келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимін сақтауын бақылау үшін сол мекеме қызметкерлерінен құралған санитариялық патрульдер жұмыс істейтін болады», - делінген қаулыда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр