AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
AAPL
131.79 $
1.26 %
TSLA
616.6 $
1.94 %
NDAQ
179.79 $
1.38 %
GOOGL
2434.87 $
0.8 %
FB
336.51 $
1.64 %
FRHC
61.6 $
0.39 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 4 баланы қаққан көлік жүргізушісі 3,5 жылға сотталды

Шығыс Қазақстанда мас күйінде кәмелетке толмаған 4 қызды көлікпен қаққан ер адамға қатысты үкім шықты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Жаңа Шүлбі ауылында болған. Аудан тұрғыны жолдасымен бірге алкогольдік ішімдіктерді ішкен. Бір кезде айыпталушы дүкеннен қант салынған мөшекті үйіне әкелмек болады.

Досы оны мас күйінде көлік жүргізбеуді сұрады, бірақ ол оны тыңдамады. Соның салдарынан жүргізуші үйлердің бірінің жанынан өтіп бара жатып, рөлге ие бола алмай, жылдамдықпен қоршаудың жанында тұрған төрт оқушы қызды қағып кетті.

Кейіннен қыздардың бірі қайтыс болды, ал екіншісі ұзақ уақыт комада жатты. Марқұмның туыстары кінәліні заң аясында жазалауды талап етті. Сот отырысы кезінде жүргізуші өз кінәсін мойындап өкінді.

Оның мас болғандығы, апат болған сәт есінде жоқ екендігі нақтыланады. Сот оны көлік құралын басқару құқығынан 10 жылға айыра отырып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сотталған адам қаза тапқандардың отбасыларына келтірілген моральдық шығынды толығымен өтеуге міндеттелді.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2020 жылдың қыркүйегінде болған. Мас күйінде болған 31 жастағы Mitsubishi Chelenger жүргізушісі бұрылыс кезінде рөлге ие бола алмай, ойнап жүрген 5, 10, 11 және 12 жастағы төрт баланы қағып кетті.


"Жасырынуға тырысты": Нұр-Сұлтанда шенеуніктің ұлы жасөспірімді қағып кетті

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр