AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік көпбалалы аналар атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай жүргендеріне шағымданды

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек ала алмай жүрген көп балалы аналар бір айдан бері табанымыздан тоздық деп шу шығарды. Айтуларынша, мемлекеттік жәрдемақыны рәсімдеуде мамандар әр құжатты сұрап, қалың қауымды сандалтып қояды екен. Оған қоса, азаматтардан құжат қабылдау орталығында кезек көп. Жұртшылық түн ортасында кезекке тұрып, күні бойы сарғайып күтумен әлек болатынын айтады. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

копбалалы ана

Айға жуық әуре болдық деген көп балалы аналардың бүгін төзімі таусылғанға ұқсайды. Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыра алмай сандалдық деген олар түс ауа айқайға басқан. Кезек көп, ал қабылдап жатқан маман аз деп шағымданады олар. 

"Түнгі 2-3 те келіп жазыламыз. Өзім таңертеңгі сағат 7:30 келдім. Содан 211-ші болып жазылдық. 6-ға дейін ақ қабылдаймыз дейді. Күнде келеміз осында. Осылай табанымыздан тозып жүргенімізге бір ай болды", - дейді көпбалалы ана Гаухар Сексенбаева.

Тағы бір көпбалалы ана Ақнұр Артығалина болса 7:45-те келіп 227-ші болып жазылғанын айтады.

"7:45 те келгем, 227 болып жазылдым. Нөмер беріп жатқан жоқ, өзіміз жазыламыз. Көшеде тұрып, таңғы алтыдан бастап келіп жазыламыз", - дейді ол.

Ұзын дәлізде жылаған сәбилер мен кезекке таласқан аналардың айқайы басым. Бірі сәбиін бауырына қысып тербетсе, енді бірі дүкеннің тауар салғыш арбасында жұбатып жатыр. Осылай абыржыған аналарға бірнеше рет жедел жәрдемнің де көмегі керек болыпты. Осыған қарамастан мамандар әлі де бізді сандалтумен келеді деп шағымданады олар.



"Сенің үйіңнен анау шығып тұр, мынау шығып тұр деп, бір барған жерге он рет барасың. Бітіп жатқан жұмысымыз жоқ. Айдың басында келгем, қазір бұл ай да бітуге таяды", - дейді көпбалалы ана Гүлсінай Боранбаева. 

Ал құжат қабылдап жатқан жұмыспен қамту орталығының басшылығы осы Абай ауданында атаулы әлеуметтік көмек алатын аналардың көп екендігін алға тартады. Жалпы саны 7 жарым мың жан бар. Соның 2 мыңға жуығы қазан айының басынан бүгінге дейін құжат тапсырыпты. Ал қалғаны ай аяқталмай рәсімдеп үлгеруге асық деп отыр. Жалпы құжат қабылдауға 15 маман жұмылдырылса, оның 3-еуі ауырып қалған екен. 

"Осы қазан айында төртінші тоқсанның бірінші айында құжат тапсырса, ол азамат 3 айға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Егер бұл айда үлгермесе ол кісі, екінші айға өтеді де, қараша айынан бастап, атаулы әлеуметтік көмек екі айға тағайындалады", -деп түсіндіреді Абай ауданы жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Бағдат Архабаев.

Орталық басшылығының сөзінше, маман тапшылығын шешу үшін басқармаға хат жолданыпты. Алайда бұл мәселе ай соңына дейін реттелмейтіні анық. Сондықтан мамандар түнде де құжат қабылдамаса, көмекке зәру аналар үш айдың жәрдемақысын алуға үлгермей қалуы әбден мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр