AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан билігі ауыр науқасқа шалдыққан қырғыз келіншекке қызын көру үшін көмектеспеген

Қатерлі ісіктің ауыр түріне шалдыққан қырғызстандық Алина Батурова қайтыс болар алдында Қазақстанда әкесімен бірге тұрып жатқан бес жасар қызын көруге мүмкіндік беруді сұраған. Алайда күйеуі баланы әкелуден бас тартып, оның анасымен байланыс орнатуды қаламайтынын жеткізеді. Ерлі-зайыптылар арасындағы келіссөздерге Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Алматыдағы Қырғыз Республикасының Бас консулдығымен бірге араласқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коллаж наукас

Әйелдің өмір тарихы туралы, оны қызынан қалай айырғаны және неге күйеуі қызын анасына көрсетуге кедергі болатыны жайында 24.kg сайтына "Өмір үшін біргеміз" онкологиялық науқастарға арналған ұйымның директоры Шайыр Сағынбаева айтып берді.

Ұйымның басшысы Алинаның ауруы алғаш басталған сәттен бері оның отбасына көмектесіп келеді. Олар емдеуге ақша жинап, қолдау көрсетіп және басқа да көмектер көрсетеді.

"Алинаның жағдайы өте ауыр. Біз әлеуметтік желілер арқылы тікелей көрсетілімге шықтық. Ол жерден оның мүлдем сөйлей алмайтынын көруге болады. Оған анасы қарап отыр. Анасы үнемі жанында болады, өйткені кез келген уақытта қызының о дүниеге аттанып кетуінен үрейленеді", - дейді Шайыр Сағынбаева.

Оның айтуынша, Алина ұлттық онкология орталығында медбике болып жұмыс істеген. 2015 жылы шекаралас Қордай ауылының тұрғыны Қазақстан азаматына тұрмысқа шыққан.

"Ол күн сайын Қордайдан Бішкектегі жұмысына барып, қайта қайтатын. Содан соң аяғы ауыр болды. Қыз баланы өмірге әкелді. Бала бір жас екі айлық болғанда, Алинаға сүт безі қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Анасы қызын тегін емделу үшін Қазақстанға тіркеуге қоюды сұрағанда, олар одан 100 доллар талап еткен. Анасы бұл ақшаларды дайындап алып келгенде, одан 300 доллар сұраған. Сонда анасы қызын Қырғызстанға алып кетіп, отанында емдей бастаған", - деп жалғастырады маман.

Алина қажетті емдерді қабылдап болып, Қордайға қызы мен күйеуіне қайта оралған. Алайда ауру асқынып бара жатты.

"Оның кеудесін кесіп алып тастады, енді оған көлікпен жүруге, артық қимыл жасауға болмайтын болды, оған тек дәрігердің ұсыныстарын орындау қажет еді. Ол Бішкекте қалып, ал қызы мен күйеуі Қордайда болған. Біз енесіне қызды қарап отырғаны үшін алғысымызды айтамыз. Бірақ оның ұлы адамшылдық жасап отырған жоқ. Ауру алғаш басталған уақыттан бері ол әйеліне қорлайтын хабарламалар жіберіп келеді. Алинаның өлгенін қалайды. Өткен 5 жылдың ішінде ол әйелінің жағдайын бір рет болса да сұраған емес. Оның туыстары тіпті Алинаның ауыр науқасқа шалдыққанын білмейді де. Олар оны қызын тастап кетіп қалды деп ойлап жүр. Біздің қызымыздың жәй ғана жолы болмады", - дейді ұйым басшысы.



Онкологиялық науқастарға арналған ұйымның директоры олардың екі жыл қатарына Алина Батурованың химиотерапия шығындарын өтеп келе жатқандығын атап өтті.

"Ол осы уақыт ішінде 3 миллион 800 мың сомға дәрі-дәрмек алды. Мұндай шығынды кез келген отбасы өтей алмайды. Алина анасы мен әкесімен бірге жалдамалы пәтерде тұрады. Олардың ештеңесі жоқ. Ата-анасы бүкіл жиған-тергенін қызының еміне берген. Әкесі кез келген жұмысқа дайын болды. Анасы болса Ұлттық онкологиялық орталықтың екі бөлімінде медбике және тазалаушы болып жұмыс істеді", - дейді ол.

Шайыр Сағынбаеваның сөзінше, Сыртқы істер министрлігі жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін Алина Батурованың туыстарымен байланысқа шыққан.

"Мені басқарма қызметкерлерінің әрекеті таң қалдырды: олар ауыр науқасқа шалдыққан Алинаның анасына қызының жағдайын растайтын құжаттарды әкелуді сұраған. Сіз өзіңізді анасының орнына қойып көріңізші. Неліктен біз біреуге бірнәрсені дәлелдеуіміз қажет? Неге министрлік біздің құқығымызды қорғамайды? Неге баласы үйде өлім аузында жатқан сәтте анасы бір жаққа баруы керек? Біз онсызда барлығын әлеуметтік желілерге салдық қой. Бұл нағыз қорлық", - дейді әйел.

Шайыр Сағынбаеваның пікірінше, егер министрлік қызметкерлері Алинаның жағдайын шынымен тексергісі келсе, ауыр науқас әйелге өздері келіп өз көздерімен көре алады. 

"Біздің амалымыз таусылды. Оң нәтижені мүлде күтуден қалдық. Бізге енді ешнәрсенің қажеті жоқ. Бұрын да күтіп, Қазақстан билігіне және депуттарға жүгіндік. Ешкім ешнәрсе жасаған жоқ. Бұл қыз менің ортамның сәулесі. Ол маммология бөлімінде жұмыс істеген шағында науқастармен әрқашан сыпайы сөйлесіп әрі мейірімді болды. Ол барлығына көмектесуге дайын тұратын. Өмірден қандай адамның өтіп бара жатқанын білсеңіздер ғой", - дейді көзінің жасын әрең ұстаған Шайыр Сағынбаева.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр