Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балам судорога беріп жатқанда, қарамай қойды: Ақтөбе облысының тұрғыны дәрігерлерге шағымданды

Ақтөбе облысы  Байғанин ауданының тұрғыны науқас  баласын емдейтін дәрігер таппай, денсаулық сақтау министріне шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Ерболат Шандин аудандық аурухананың жағдайын көрсетіп,  видео түсірген. Онда емдеу мекемесінде дәрігерлерді ұзақ іздегенін, ем алушыларға жағдай мүлдем жасалмағанын баяндайды.   

"Баламызды әкелдік, міне 1 сағат өтті. Балалар дәрігері келуден бас тартты, екінші врачты итпен әйтеуір үйтіп-бүйтіп алдырттық. Бала судорога ұстап жатқан уақытта балалар дәрігері неге келуден бас тартты? Сосын аурухана мұндай болуы тиіс пе? Мына жерде ауруларды қабылдау дұрыс па?”, – дейді ол.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар   тұрғынның шағымы негізсіз дейді. Басқарма басшысының орынбасары  Айгүл Күштаеваның айтуынша, науқас балаға кезекші дәрігер тиісті медициналық көмек көрсеткен. Ата-анасының қалауымен бала Ақтөбедегі инфекциялық ауруханаға жеткізілген. Қазір жедел респираторлы вирусты инфекция жұқтыру диагнозымен ем қабылдап жатыр. Ал, аудандық ауруханадағы жөндеу жоспарға сай жүргізілуде. Бөлімшелер кезегімен жөндеуге жабылғанымен, науқастарды қабылдау жалғасып жатыр, деді денсаулық сақтау басқармасының өкілі.   

"Бұл кезде емдеу мекемесінде жөндеу жұмысы жүріп жатқан кезде аурухананың басқа жағынан кіретін есігі болуы керек. Қай жақтан келгенін білмеймін ол кісінің, видеода көрсеткендей, жөндеу жұмысы жүріп жатқан есіктен кірген болуы керек. Сондықтан, осындай түсінбеушілік жағдай орын алған”, – облыстық денсулықсақтау басқармасының орынбасары Айгүл Күштаева.

Талқылау