Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда ер адам қырғызстандық келінін жауыздықпен өлтірген

Түркияның 65 жастағы жергілікті тұрғыны Қырғызстанның 31 жастағы азаматын өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі АКИргеѕѕ-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 қазан күні кешке Текирдаг қаласында болды. Фехми есімді ер адам өзінің Аят есімді келінімен ұрысып қалған. Аят – Қырғызстан азаматшасы, Фехмидің ұлына үйленіп, екі бала тәрбиелеп өсірген. Қайғылы оқиға орын алған күні жұбайы үйде болмаған екен.

Фехмидің айтуынша, ұрыс келіннің балаларға дұрыс қарамағанының кесірінен пайда болған.

Ер адам Аятқа ұрсып, оны балаларын ұратынына кінәлаған, өзіне және әйеліне жөнді қарамайтынын айтқан. Фехми балаларды ұрмауды сұраған, алайда келіні оны тыңдамаған көрінеді. 

Қақтығыс барысында қырғызстандық әйел қайын атасына тіл тигізген, ал ол өз кезегінде пышақ ала жүгіріп, оны өлтіріп қойған. Келінінің мәйітін жасыру үшін ол әйелдің денесін арамен бөліп тастаған: бір бөлігін қоқыс жәшігіне тастап, ал екінші бөлігін көліктің артқы бөлігіне тыққан.


Жамбыл облысында мектеп оқушысы өзін ауылдасы зорлады деп айыптады: ДНҚ сараптамасының нәтижесі шықты 


Ер адам қылмыстың ізін жасырып жатқанда, оның әйелі үйіне оралады. Қанды көрген ол Фехмиден не болғанын сұрайды. Күйеуі істегенін айтып береді, сол кезде әйелі полиция шақырған екен.

Қайтыс болғанға дейін Аят Хатун Instagram-дағы парақшасын белсенді жүргізіп жүрген. Әйел парақшасын "декреттегі ананың күнделігі" деп атаған, онда ол отбасы мен Түркиядағы өмір туралы жазып жүрген.

Екі баланың анасы соңғы хабарламасын 10 қазанда жариялаған. Оның жазбасына туған күніне орай жазылған.

"Бүкіл өмір әлі алда сияқты көрінетін, көп нәрсеге үлгеремін деп ойлайдым. Қорытынды жасамаймын, ақымақтық сияқты. Қалай болса да, бұйырған солай. Демек, солай болуы керек.

Біз өзіміз де соңына дейін ненің дұрыс ненің бұрыс екенін білмейміз. Осы күні мен өз-өзіме: "Сен бақыттысың ба?” деп сұрақ қоямын. “Иә, мен бақыттымын. Әрине, менің қасымда маған қымбат адамдар жоқ: анам, бауырым, туыстарым... Бірақ олар менің әрқашан есімде. Менің бақытым, қуанышым – ұлдарым бар. Мені жақсы көретін және күтетін үйім бар. Сүйетін күйеуім бар.

Ал махаббат ше? Ол бар және өмір сүреді, бірақ басқа құндылықтар да бар. Мен оны бірінші орыннан алып тастадым. Ары қарай не болмақ? Білмеймін. Мықты, ақылды болатынымды білемін, тек жақсыға сенемін. Ал 30 жасым құтты болсын. Бәрі алда", – деп жазды ол соңғы жазбасында.

Талқылау