Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адамды соққыға жығып, комаға түсіргендер ұсталды

Шымкентте ер адамды аяусыз соққыға жығып, комаға түсіргендер ұсталды. Ал зардап шеккен 38 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Ол аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.

Әйгерім Дәуітбекованың айтуынша, белгісіз адамдар оның жұбайын ұрып-соғып, оқиға орнынан іздерін суытқан. Ал полицейлер күдіктілерді сол күні ұстағанымен, қайта жібере салған. 

Туыстарының сөзінше, бұл күні Арысбек Құралбеков жұмысынан үйге қайтып бара жатқан. Жолда кіммен және не үшін жанжалдасқаны белгісіз.

Ал бейнебақылау камерасына түскен кадрлардан бір топ адамдардың Арысбекті көше бұрышына алып кеткенін көруге болады. Кейін олардың екеуі қайта келген. Туыстарының айтуы бойынша, Арысбекті күрес жаттықтырушылары ұрып-соққан. Ал көшеде кетіп бара жатқан жасөспірімдер аяусыз ұрып-соғудың куәсі болған көрінеді.



Зардап шеккен азаматты автобус жүргізушісі байқап, полицияға хабар берген. 

Ал дәрігерлердің айтуынша, Арысбек әлі де үшінші дәрежелі комада жатыр, жағдайы ауыр. 

Шымкент полициясы күдіктілердің ұсталғанын хабарлады. Оларға қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.

Назгүл Әбушәріпқызы
Бейсенбі, 19 Мамыр, 2022 15:21
Талқылау