Шімән апа эстрада әншілерінің бетпердесін ашып, өтіріктерін жайып салды
Бүгінде қазақстандық көрерменге «Шімән апа» образымен таныс Ерболат Төлегеновке сын айтатындардың санында шек болмай тұрған көрінеді. Кемпірдің кейпіне енген актерды желідегілер жерден алып, жерге салатын болған. Тіпті, әйелше киінген өнер иесін кінәлайтындардың қарасы күн санап артып, жағымсыз пікірлерді қарша боратады екен. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген актер Ерболат көпшіліктің сынына жауап беруді жөн деп шешті.
«Ер адам әйел адамның образын сомдағыш болып кетті деп сынайды ғой. Бұл жерде «өнер» деген сөз бар. Соны баяғыда айтатын болса, Құдайберген Сұлтанбаевқа неге айтпады? Қазір Күлпаш пен Шімән шығып еді, бәрі соған сөйлеп, бәрі білгіш, бәрі айтқыш болып кетті. Интернетте де айтады. Қазір адамдар ойына келгенін айтатын болып кетті ғой. Айтқан адам айтса айта берсін. Бірақ мен кемпірдің киімін өмір бақи киіп жүрген жоқпын. Ол сахнаға 15 минутқа киілетін образ», – дейді Шімән апаның образындағы актер.
Шімән апаға айтылған сындардың саны мұнымен шектелмейді. Айтпақшы, соңғы кездері кемпірдің кейпіне енген актер әншілік қабілетін де көпшілікке байқатып жүр. Өнер иесінің бұл қадамына кереғар пікір жазатындар да жетерлік екен. Алайда, әзілмен ән өнерін қатар алып жүрген Ерболат отандық эстрададағы әншілердің бетпердесін ашты.
«Мысалы, мен актер болып жүріп, «электрик» болып жатқан жоқпын ғой. Сондықтан мен өнерде жүрмін. Кейбір әншілер бар мен білетін «вокал» сабағын көрмеген. Оның ішінде біздер көрдік қой, 4 жыл вокал оқыдық қой. Мен шырқаған әндер «образдағы әндер» ғой. Мен Димаш Құдайбергенге ұқсап бір конкурстарға қатысып, дауысымды көрсетіп жатқан жоқпын ғой. Мен айтып жатқан жоқпын мықты әншімін деп. Бізде неше түрлі әншілер бар. Студияға барып 30 дубль жазатын», – дейді Ерболат Төлегенов.
Сондықтан, Ерболат Төлегенов сынап, мінегендердің сөзінен шыңдалатынын айтады. Бүгінде Шімән апаның өнердегі ұстанымы «Ит үреді, керуен көшедімен» пара-пар болып отыр.
«Біреудің аузына қақпақ болмаймын ғой. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Сын болуы керек. Сын болмаса ешкім емессің, жалпы. Сенің өнеріңнің алға баспағаны. Алға басқаннан кейін сынайтын адамдар болады. Сынды көтере білу керек. Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын оқыған кезде бізге айтатын «сынға, сынаққа дайын болыңдар» дейтін. Театр сыншылары да, әзілдің сыншылары да көп. Сол, 17 миллион халықтың көңілінен шыға беру мүмкін емес. Соның 100 мыңының көңілінен шықсаң, соның өзі де жетіп жатыр», – дейді актер Ерболат Төлегенов.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын Шаншар театрының актерлерін Зейнеп Ахметова «Байқайсыздар ма? Біздің қазақтың жігіттері «қатын» болуға әуес болып алды қазір…», – деп қатаң сынға алған болатын. Алайда, аталмыш сатира ұжымының басшысы Уәлибек Әбдірайымов Бауыржан Момышұлының келініне жауап беруден тосылып қалмаған-ды!
«Кешегі Құдайберген көкеміз қандай әйелдің образдарын жасады сахнада. Не дейміз енді соған? Дұрыс емес деп айтамыз ба? Неге дұрыс емес? Әйелдер орындай алмайтын нәрсені орындап берді. Бұл актердың шеберлігі дейді. Талдағанда, сынағанда осы мәселені сынасын жұрт. Әйел образын жасай алды ма ол? Әлде құр босқа киініп шығып, өзі мазақ болып қалды ма? Міне біз сол кезде дұрыс деп санаймыз», – дейді Уәлибек Әбдірайымов.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Оқи отырыңыз:
Мұсылман болып өлемін деген Майк Тайсон Алматыда түнгі клубқа барды (видео)
Армандар орындалады: Димаш Құдайберген жаңа жеңісі туралы айтты (видео)
Қайрат Нұртас «Жұлдызды жекпе-жек» шоуының жеңімпазы атанды
«Нысана» театрының директоры: Ешкімге керек болмай қалатынымды білемін