Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас «Жұлдызды жекпе-жек» шоуының жеңімпазы атанды

«Хабар» арнасында өткен “Жұлдызды жекпе-жек” сайысында Қайрат Нұртас жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Жеңіске жеткен әншіге Мальдив аралдарына 2 адамға арналған жолдама табысталды.

Музыкалық телесайыс қыркүйек айында басталған еді. Сайыста 14 қатысушы бақ сынады. Нұрболат Абдуллин, Дастан Оразбеков, Мархаба Сәби және Қайрат Нұртас топ жарып, жартылай финалға шыққан еді. Ал ақтық финалға Қайрат Нұртас пен Нұрболат Абдуллин жолдама алды.

Ақтық сында да жеңімпаздар тікелей дауыс беруі арқылы жеңімпаз анықталып, Қайрат Нұртас жеңіске жетті.

««Көп түкірсе, көл болады»  дегендей, бұл ортақ жеңіс! Бұл Сіздердің жеңістеріңіз! Сіздердей аппақ адал тыңдармандарым, қолдаушыларым, тілекшілерім барда, мен бармын, бақыттымын, баймын! Алла разы болсын! Барлығыңызды жүрегіммен жақсы көремін! Үлкен раxмет жүрегімнің төрінен орын алған қазақ елі», – деп қуанышымен бөлісті әнші Instagram-дағы жеке парақшасында.

Айта кетсек, «Жұлдызды жекпе-жек» телешоуы осы телемаусымда музыкалық бағдарламалар рейтингінде көш бастаған жоба болды.

Оқи отырыңыз:

«Нысана» театрының директоры: Ешкімге керек болмай қалатынымды білемін

Айнұр Тұрсынбаева: Жағдайы төмен отбасыларға берілетін киімдерді киіп өстім

Айнұр Тұрсынбаева: Желіге 15 мың теңгенің затын салсақ бәлеге қаламыз

Қазақстандық әнші саясаткерлердің есімдері берілген көшелер туралы ән айтты (видео)

Талқылау