Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші саясаткерлердің есімдері берілген көшелер туралы ән айтты (видео)

Қазақстандық әнші Диана Шарапова кеңес одағы тұсында хитке айналған Юрий Антоновтың «Пройду по Абрикосовой» әнінің кавер-нұсқасын орындады. Таныс әннің қайырмасының орнына Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев атауына өзгергеннен кейін пайда болған интернет-мем айтылды, – деп хабарлайды Stan.kz.

Желі қолданушылары интернет-мемде қазақстандық саясаткерлердің есімін атап шыққан. Хит әнге «01 көшесі бойымен» деген атау берілген.

«Еліміздегі көшелер мен маңызды нысандарға Елбасының есімі берілуі орынды. Мемлекет басшысы – оған әбден лайық. Бірақ министрлер мен басқа да шенеуніктер қалыспай, Нұрсұлтан Әбішұлы сияқты лайықты түрде еңбек етсе екен. Мерекелеріңізбен, құрметті қазақстандықтар!» – деп жазды Шарапова желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, 30 қараша күні VI шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатының сессиясында ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы мен қалалық ономастика комиссиясы тұрғындардың көптеген өтінішін ескере отырып, Алматыдағы Фурманов көшесіне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы шешім қабылдады.

Оқи отырыңыз:

Ерке Есмахан хитке айналған «Алло» әнін шырқай алмайтын болды

Мәдина Сәдуақасованы қолынан тартқан Мақпал Жүнісованы желі қолданушылары сынап тастады (видео)

Қарақат Әбілдина тағы бір кәсіп ашып, тұсау кесуді бизнеске айналдырды (видео)

Джей Зи алғаш рет Бейонсенің көзіне шөп салғанын мойындады

Талқылау