Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде болған өрттің себебі белгілі болды

Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәжіліс залынан шыққан өрттің себебін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында облыстық ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

акимат орт 2

3 қазан күні әкімдіктің әкімшілік ғимаратынан өрт шыққан болатын. Оқиға орнына келген құтқарушылар 121м2 аумақтағы өртті сөндірді.



"Белгілі болғандай, жиналыс залындағы еден өртенген. Өрттің себебі – электр жабдықтарының апаттық режимінің туындауы", – деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрттен жапа шеккендер жоқ.

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 04 Қазан, 2021 14:31
Талқылау