AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының жоғарғы жағынан алапат өрт шықты (видео)

Алматыда Навои көшесіндегі иесіз қалған "Бунгало" кафесі өртеніп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өрт шамамен 19:40 басталды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер аттанды. 

"Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Бостандық ауданының Үлкен Алматы өзені жанына аттанды. Мұнда иесіз қалған "Бунгало" кафесі өртеніп жатыр", – деп хабарлады ведомстводағылар.

Жалын маңайдағы ағаштар мен нысанды да шарпыды. 

“Аумағы 280 шаршы метрді қамтыған жалын сөндірілді. Жеке құрамның 14 техникасы мен 53 маманы жұмылдырылып, тілсіз жау көрші нысандарға өтіп кетпей тұрып, дер кезінде өшірілді. Өртке жақын 10 метр жерде ауқымы 100 шаршы метрлік нысана көздеу орыны бар”, – дейді Бостандық аудандық ТЖД басшысы Қасенов.

Өрттің орасан аумақты қамтуына кафе жабындысының ағаш материалдан жасалғаны себеп болған. Жойдасыз өрт кешкі сағат 20:22-де толықтай сөндірілді.



 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр