Шығыс Қазақстан облысында пойыздар соқтығысты
Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданына қарасты Жақсыбұлақ станциясында пойыздар соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін 08:15 болған. Желдің күшті болуының кесірнен станцияда тұрған жүк вагондары орындарынан қозғалып, сол уақытта келген №3471 жүк пойызымен соқтығысқан.
Нәтижесінде локомотив пен 23 вагон рельстен шығып кетті. Локомотив өртке оранды. Зардап шеккендер жоқ. Апат орнына Балқаш, Ақтоғай станцияларынан қалпына келтіру және өрт сөндіруші пойыздар жіберілді. Апаттың себебін тексеру үшін арнайы комиссия жұмылдырылады.
"Сонымен қатар, оқиға салдарынан "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Достық" қатынасындағы №54 пойызы кешікті. Аталған пойыз жолаушыларының жол жүру құжаттарында (билеттерде) көрсетілген межелі жерлеріне жетуі үшін автобустармен тасымалдау ұйымдастырылуда»", - делінген Ұлттық компанияның хабарламасында.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
