Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысындағы орман аумағында өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысындағы орман аумағында өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

өрт абай

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 шілдеде Ұлан ауданында орналасқан Приморск орманшылығындағы таулы жерде өрт шықты. Орманшылар мен өрт сөндірушілер шұғыл түрде сол жерге келіп жетті.

"Бұл жартасты жерде шамамен 0,7 гектар аумақта шөп жанып жатыр. Қазіргі уақытта ашық жалын жоқ. Өрт орнына техникамен жету мүмкін емес. Сондықтан техника таулардың етегінде мүмкіндігінше жақын жерге тоқтады. Орманшылар мен өрт сөндірушілер тау беткейлерін еңсеріп, рюкзакты өрт сөндіргіштердің көмегімен тілсіз жаумен күресуде", – делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, ШҚО әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен өрт орнына орманшылардың десанты жеткізілді.

Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Сол жерге барлығы 83 адам, 10 техника жұмылдырылған.

Талқылау