Шығыс Қазақстан облысында 500-ден аса адам жоғалып кеткен баланы іздестіріп жатыр
Шығыс Қазақстан облысы Согра ауылында 12 жастағы жасөспірімді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бала жұмадан сенбіге қараған түні 02:30 шамасында шығып, қайта оралмаған.
Қазір іздестіру жұмысына 500-ден аса адам жұмылдырған. Оның 350-і полиция қызметкерлері, 100 Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер мен құтқарушылар. Олар тұрғын үйлердің аулалары, шарушылық нысандарды аралауда. Сонымен қатар қызметтік иттерді де пайдаланып жатыр.
Ведомство өкілдерінің сөзінше, бала аутизмге шалдыққан, сөйлей алмайды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ