AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында 10 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында 10 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген ресейлік ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

кісен
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары "Іздестіру" жедел алдын алу шарасын өткізді.  

"Осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын Өскемен қаласында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздестіріліп жатқан ресейлік азамат анықталды. 2009 жылдың қыркүйек айының соңында 34 жастағы ер адам танысымен бірге дәмхананың маңында жергілікті тұрғынға күш қолданып, ұялы телефонын тартып алған. Полицейлер оның бірін құрықтағанымен, екіншісі Ресейге қашып кеткен. Қазір ол қолға түсіп, тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген ақпаратта.  


 


Сондай-ақ ТМД елдерімен бірлескен іс-шара нәтижесінде тағы бір іздеуде жүрген қылмыскер Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің Барнаул қаласында қолға түсті.  

Оған 23 жыл бұрын Семей тұрғынына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. 

Жалпы шара барысында полиция қызметкерлері іздестіріліп жатқан 24 адамды ұстады. 

Айта кетейік, бұған дейін кісі өлтіргені үшін 25 жыл іздеуде болған ресейлік әйелдің ұсталғаны туралы хабарлаған едік

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр