Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кісі өлтіргені үшін 25 жыл бойы іздеуде жүрген ресейлік азаматша Қазақстанда ұсталды

Қазақстанның көлік полициясы 25 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматшасы ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы көліктегі полиция басқармасының бастығы Оңал Бекиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 9-18 наурыз аралығында "Іздеу" және "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізілуде. Жеті күн ішінде іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен 10 адам іздеуде болды.

"10 наурызда Сәтбаев қаласында департаменттің криминалдық полиция басқармасы мен "Қарағанды-Сортировочная" стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 56 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін 25 жыл бойы тергеуден жасырынып келген", - деді Бекиев.

Ұсталған азаматтың Ресей Ішкі істер министрлігі Челябі облысы бойынша іздеуде жүргені анықталды. 1997 жылдан бері ол Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша ("Адам өлтіру") қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде. Оған қатысты экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Талқылау