Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелде сотталған азаматтарды босатуға көмектесемін деп айтқан: Алматы облысында қоғамдық бірлестік жетекшісі ұсталды

Фото: pixabay.com

Алматы облысында қоғамдық бірлестіктердің бірінің жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған. Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.


Перизат Қайрат ісі бойынша келтірілген шығын 3,5 миллиард теңге деп бағаланды


Жамбыл облысында ерлі-зайыпты арзан ыдыс-аяқ сатып, 200-ден астам адамды сан соқтырды


Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 19 жастағы жігіт дропперлер тобын ұйымдастырып, 250 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық киберқылмыспен күрес департаментінің қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысынан ұйымдастырушы мен оның үш сыбайласын ұстады. Ұйымдастырушы небәрі 19 жаста, Алматы облысында тұрады. Тергеу оның қылмыстық схемаға 2023 жылдың қазан айынан бастап қатысы барын анықтады. Ол қарапайым дропперлер қызметінен бастап, 2024 жылдың маусым айында дропперлер тобын басқарған. Ал 2025 жылдың қаңтарында куратор қызметін атқарған. Оның бақылауында үш дроппер болған.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 16 Маусым, 2025 11:15
Талқылау