Қазақстандық таэквандошылар Austrian Open турнирінде бес жүлде олжалады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Австрияның Иннсбрук қаласында таэквандодан халықаралық Austrian Open жарысында Қазақстан құрамасы бес медаль иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
14-15 маусымда өткен байрақты бәсекеге барлығы 789 спортшы қатысты. Нәтижесінде отандастарымыз 2 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдені еншіледі.
Ерлер арасында 87+ келіде бақ сынаған Бейбарыс Қаблан алтын медаль иеленді. Және қыздар арасында 53 келі салмақта сынға түскен Азиза Қаражанова да алтыннан алқа тақты.
54 келі салмақта жарысқа қатысқан Айдана Сүндетбай ақтық сында сүрініп, күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар 87 келі салмақта Нұрқанат Қожахмет пен 80 келіде бәсекеге түскен Мерген Ғаниев қола жүлдеге қол созды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

