"SHERKALA": Қазақ тілінде сөйлеушілердің әлеуетін көтеретін революциялық жасанды интеллект моделі іске қосылды
Толықтай ЖИ өнімдеріне маманданған G42 компаниясы Inception мен әлемдегі алғашқы жасанды интеллектке бағытталған зерттеу университеті Мұхаммед бин Заид атындағы жасанды интеллект университеті (ЖИУ) өзінің Фаундэйшн модельдері институты арқылы, оған қоса Cerebras-пен бірлесе отырып, SHERKALA-ның іске қосылғанын мәлімдеді. Ол 13 миллионнан астам қазақ тілінде сөйлеушілердің әлеуетін көтеру үшін жасалған генеративті ЖИ мүмкіндіктері бар революциялық қазақша үлкен тілдік модель (LLM).
SHERKALA 8 миллиард параметрі бар 45 миллиард сөзді бейімдеп жаттықтырған модель. Ол қазақ тіліне басымдық беріп, оған қоса ағылшын, орыс пен түрік тілдерін меңгерген. SHERKALA Llama 3.1-ді қолданып, оны қазақ тіліне бейімдейді. Қазақ тілін түсінікті, ал генерацияны тиімдірек ету үшін токенайзерді 25% кеңейтеді. Бұл модель G42 мен Cerebras құрған жаттықтыру мен инференске арналған әлемнің ең мықты ЖИ суперкомпьютерлерінің бірі Condor Galaxy-де жаттықтырылған.
“SHERKALA-ны іске қосу дамыған ЖИ технологиялардың көмегімен назардан тыс қалған тілдік қауымдастықтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге деген құлшынысымызды дәлелдейді. ЖИУ-мен бірлесе отырып, қазақ тілінде сөйлеушілердің әлеуетін көтеріп, кеңейтілген, тиімді әрі инклюзивті ЖИ шешімдері арқылы LLM саласын өзгертетін модельді мақтанышпен ұсынамыз. Араб тілінде сөйлеушілерге арналған JAIS, хинди тілінде сөйлеушілерге арналған NANDA мен енді қазақ тілінде сөйлеушілердің мүмкіндігін кеңейтетін SHERKALA-мен бірге біз ЖИ-тің инклюзивтігіне жағдай жасап, назардан тыс қалған тілдердің ЖИ экожүйесінде толықтай көрініс табуын қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Бұл меже технология әр дауысты күшейтетін тең құқылы болашақты жақындата түседі,” – дейді G42 компаниясы Inception-ның бас директоры, доктор Эндрю Джэксон.
“ЖИУ SHERKALA атты жаңашыл қазақша LLM-ді дамыту үшін Inception-мен бірлесуге қуанышты. Бұл серіктестік назардан тыс қалған нарықтар үшін беделді ЖИ шешімдерін жасауға деген ортақ көзқарасымыздың айнасы. Алдыңғы LLM-дердің жетістігіне сүйеніп, SHERKALA ЖИ-ке қолжетімділікті демократияландыру, тілдік мұраны сақтау мен қауымдастықтар сандық дәуірде өркендеу үшін олардың әлеуетін көтеруде алға жылжудың маңызды көрінісі. Inception-мен бірге біз LLM саласын өзгеріп, инновациялық, инклюзивті әрі жауапты ЖИ-ті дамытудың үлгісіне айналды,” – деді ЖИУ Кафедра меңгерушісі мен Табиғи тіл өңдеу профессоры Преслав Наков.
SHERKALA енді Hugging Face-те оупенсоурс модель ретінде қолжетімді. Бұл зерттеушілер, әзірлеушілер мен кәсіпорындарға оның мүмкіндігін үйренуге және дамытуға мүмкіндік береді.
жарнама құқығында
Талқылау