Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шекарадағы қуатты серпіліс: "ҚТЖ" ҰК" жаңа жобаларды жүзе асыруда

Осыдан бір жыл бұрын танымал республикалық басылымға берген "ҚТЖ - мәселелер көп, алайда біз бәрін еңсере аламыз" атты сұхбатында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев: "Қазақстандағы теміржол желілерінің конфигурациясы бүгінде солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа және кері бағыттағы ішкі және трансқұрлықтық тасымалдар үшін ең қысқа қашықтықты қамтамасыз етеді. Осының арқасында еліміз жаһандық логистикалық тізбекке интеграцияланды, және де халықаралық пен тіпті трансқұрлықтық жүк ағыны трансқазақстандық маршруттарға қайта бағдарланды" деп атап көрсетті.

КТЖ

Айтпақшы, тасымал көлемінің өсімі теміржолдың қаржылық жағдайына оңды әсер етеді. Жүк тасымалын арттыру үшін еліміз теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып, жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Халықаралық көлік дәліздерінде орналасқан шекаралық станциялардың логистикалық инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілуде.

"Қазақстан темір жолдарында Өзбекстан Республикасына және оның аумағы арқылы өтетін жүк ағынының негізгі легі өзінің өткізу мүмкіндігі шегінде жұмыс істеп тұрған Сарыағаш мемлекетаралық түйісу станциясы арқылы өтеді. Жергілікті жердің тарлығы мен жер учаскелерінің  тапшылығы пункті дамытуда мүмкіндіктер болмай отыр", - деп атап өтті "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов.

Мәселен, 2020 жылдың 10 айында Өзбекстан бағытына және оның аумағы арқылы жүк тасымалдау көлемі 22,6 млн тоннаны құрады (2019 жылға +20%), оның ішінде Сарыағаш шекара пункті арқылы тасымалданған жүк көлемі 20,5 млн тонна (2019 жылға +19%).

КТЖ

Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін арттыру үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ Дарбаза-Мақтаарал жаңа теміржол желісі құрылысын қарастыруда. Бұл Сарыағаш-Ташкент учаскесінен жүкағынының легін жаңа тармаққа қайта бөлуге мүмкіндіктер береді және Түркістан облысының шекаралас аймағын дамытуға серпін береді.

Аталған жоба Өзбекстанмен қатынаста қосымша көлемдерді тартуға және жұмыс істеп тұрған Сарыағаш-Келес шекаралық өткеліндегі лекті азайтуға мүмкіндік береді.

Транзиттік әлеуетті тиімді пайдаланудың оңтайлы нұсқаларын зерттеу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен "Узбекистон Темир Йуллари" АҚ арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім аясында негізгі өндірістік және экономикалық көрсеткіштерді анықтап, жаңа маршруттардың орындылығы туралы ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды. 

Қазақстан географиялық тиімді негізгі көліктік дәліздері қиылысында орналасқан. Және де бұны бір жыл бұрын ұлттық теміржол компаниясының басшысы былайша атап кеткен еді: "ҚТЖ-ның стратегиясы транзит пен одан түсетін түсім көлемін артуына бағытталған және солай да бола береді ".

КТЖ

"ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметіндегі стратегиялық бағыттардың бірі Қытайға және кері бағытта жүктерді вагондар мен контейнерлерде тасымалдауды дамыту болып табылады.

Сонымен, 2020 жылдың 10 айында қазақстан-қытайлық шекара өткелдері арқылы тасымал көлемі 18,2 млн тоннаны (2019 жылға +28%) құраса, оның ішінде Достық шекара өткелі арқылы 12,9 млн тонна (2019 жылға +19%) болса, Алтынкөл шекара өткелі арқылы 5,3 млн тонна (2019 жылға қарай +58%) .

Бұл ретте еліміз аумағы арқылы негізгі контейнерлік маршруттар Қытай – Еуропа, Қытай – Орталық Азия елдері, Қытай – Ресей бағыттары бойынша, сондай-ақ Кавказ, Парсы шығанағы, Түркия және өзге де елдер бағытында қазақстандық порттар арқылы өтеді.  

Біз Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымалды дамытуға ерекше мән береміз.

2020 жылдың 10 айында Қазақстан аумағы арқылы контейнерлер транзиті 718,6 мың ЖФБ (2019 жылға + 35%), оның ішінде Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша 444,5 мың ЖФБ (2019 жылға қарай + 62%) құрады.

Келесі жылы Еуропа – Азия қатынасындағы жүктер өтетін Достық шекара өткелінде 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында "Достық-Мойынты теміржол көліктік дәлізін жаңғырту" жобасын жүзеге асыру басталады. Уақыт өте келе, "Достық" теміржол станциясын кеңейту және жаңғырту: жолды күрделі жөндеуден өткізу, бірқатар теміржол инфрақұрылымы нысандарын, соның ішінде тар және кең табанды екінші негізгі және қабылдау-жөнелту жолдарының құрылысын салу  жоспарлануда.

Жеке инвестицияларды тарту есебінен "Достық" станциясында 4 жаңа контейнерлік терминалы салынады және қолданыстағы жүк ауыстыру контейнерлік терминалдарын қалпына келтіру жоспарлануда. Бұның барлығы пойыздарды қабылдау және өткізу кезінде өңдеу уақытын қысқартуға, Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымал көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

КТЖ

"Аталған шаралар пойыздарды қабылдау және жеткізу кезінде өңдеу уақытын қысқартып, Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымал көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Достық-Мойынты учаскесін жаңғырту  аяқталғаннан кейін, болашақта Достық-Қарталы бағытындағы контейнерлік пойыздардың жылдамдығы тәулігіне 1300 шақырымға дейін артады. Ал Қытаймен шекарадағы транзиттік өткізу пункттерінің қуаттылығын арттыру үшін 2021 жылы Достық және Алтынкөл станцияларын дамытудың бас жоспарлары құрылады", - деп санайды "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов.

Ағымдағы жылдың қараша айында "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен "Dostyk Transportation & Logistics" ЖШС арасында Достық станциясында терминал салу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл жеке компаниялардың терминалдар салу бойынша Достық станциясын дамытудағы төртінші жобасы.

Достық станциясында Қытайдан келетін контейнерлерді өңдеуге арналған жаңа терминалдардың салынуы контейнерлерді өңдеуді жылына 1 миллион контейнерге (ЖФБ) дейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Сая ЗАҒИПОВА

Талқылау