Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауғанстандағы террористік ұйымның саны биыл алты мыңға жеткен": ҰҚК өкілі елімізге қауіп келеді деп алаңдаулы

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Ауғанстанның террористік қаупі елдерге таралатынына алаңдаулы. Мұны Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Адамдардың басын кесіп, көшеде қалдырған: Сириядан оралған қазақстандықтарға қатысты жантүршігерлік мәліметтер айтылдыШЫҰ-ның мәлімдеуінше, "Ислам мемлекеті Вилаят Хорасан" халықаралық террористік ұйымы филиалы артып жатыр.

“Террористік ұйым филиалдарының саны 500-ден алты мыңға дейін өсті. Ауғанстандағы террористік қауіп ШЫҰ елдеріне таралуы мүмкін", – деді Сейсембаев Астанадағы ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылым кеңесінің  отырысында.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы үш жылда ШЫҰ мемлекеттерінде кем дегенде 80 резонанстық шабуыл жасалған. 2023 жылы олардың күрт өсуі байқалады.

"2022 жылы 18 шабуыл болса, 2023 жылы 47 шабуыл болды. Террористердің қолынан 400-ден астам бейбіт азамат қаза тауып, 940-қа жуық адам жарақат алды. 200-ден астам атышулы терроризмге қарсы операциялар жүргізілді. 1600 террорист пен олардың көмекшілері ұсталды”, – деді ҰҚК өкілі.

Билікке қарсылық көрсеткен 60-қа жуық қылмыскер жойылған.

Талқылау