Сенатта Талғардағы қанды оқиғадан кейін Ішкі істер министрлігі жұмысын күшейтуді талап етті
Фото: magekz.org
Сенат алаңында журналист сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтан Талғар ауданында қылмыстың жиілеп бара жатқаны ІІМ-де реформалар жасау қажеттілігін айғақтай ма деп сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әшімбаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін айтты.
"Қылмыспен күрес және оның алдын алу – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Бұл азаматтардың қауіпсіздігі мәселесі ", – деді ол.
Сенат төрағасының айтуынша, Алматы – тұрғындары көп ірі мегаполис, ал Талғарды қоса алғанда, оның маңындағы аумақтарда бұндай жайттар көп болады.
"Алматы – үлкен мегаполис, оның айналасында адам көп тұрады. Талғар сияқты елдімекендерде шынымен қорқынышты жағдайлар болды және осындай оқиғалар жиілеп барады. ІІМ мен әкімдіктер тиісті қорытындылар жасап, жұмысты жандандыруға тиіс", – деп атап өтті Әшімбаев.
Ол сондай-ақ бұл мәселе cенат деңгейінде талқыланатынын мәлімдеді.
"Бейжай қалуға болмайды. Біз қауіпсіздік шараларын күшейтуіміз керек. Бұл мәселені біз cенатта міндетті түрде көтереміз", – дейді палата төрағасы.
Айта кетейік, жақында Талғарда ер адамға оқ атып өлтіріп, екі жасар қызын ұрлап кеткен еді. Кейіннен бүлдіршін аман-есен табылып, күдікті қолға түскен. Сотталушы қамауға алынып, оның қылмыс үшін қолданған қаруы тәркіленді. Ал өзі қамауға алынды.
2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. 2025 жылдың 5 маусымында Жетісу облысының соты Талғарда жасөспірім Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған 9 сотталушыға үкім шығарған еді. 19 тамыз күні апелляциялық сот сотталушылардың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

"Екі күйеу жігіттің де есімі – Нұрсұлтан": Алматылық әпкелі-сіңлі бір күнде ұзатылып, ерекше той жасады
