Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты

Семейдегі "Семей бас" компаниясында тағы да шу. Азаматтар енді облыс әкімі Даниал Ахметов келіп, мәселені шешпейінше орындарынан қозғалмайтынын айтты. Ал бұл уақытта таңертеңнен аялдамада сағаттап автобус күткен халық еріксіз бағасын көтерген таксиге отырға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бұл жолғы шу Нұр-Сұлтан қаласында өткен экономикалық сотта "Қазақстан даму банкінің" "Semey Bus" компаниясына берген 170 автобусты қайтарып алу туралы талап-арыздың қанағаттандырылуымен тікелей байланысты.

Осымен бір аптада екі рет жұмысқа шықпай қойған автобус жүргізушілері әкімдік автопаркке субсидия бөлмей отыр дейді. Соның салдарынан бірнеше жылдан бері зейнетақы төлемі түспеген. 

“Қазір екі парк маршуттық желіде жүр. Ол "Таксоматорлы парк" ЖШС тұрақтылығы жетпіс пайыздан асып тұр қазір және "Семавтопарк" ЖШС онда елу үш автобус шықты. Біз қазір барлық маршруттарды автобустармен қамтамасыз ету мәселесін қарастырып жатырмыз”, – деді Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі Назым Жамболатова.


"Көлігімді үйге қойып, жаяу жүруге мәжбүрмін": Шымкенттіктер қалада жанармай тапшылығына шағымдануда

Талқылау