Семей қаласы бокстан Қазақстан чемпионатын өткізеді
Фото: Boxingkazakstan
Семей қаласында 14-21 қазан аралығында ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Байрақты бәсеке Abai Arena спорт кешенінде ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бұл додаға еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады: 246 ер және 125 әйел былғары қолғап шеберлері өзара мықтыны анықтайды.
14 қазан күні жарыстың жеребесі тартылады. Ал 15 қазан күні салтанатты ашылу салтанаты рәсімі болады.
Финалдық кездесулер 21 қазанда өтеді. Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.
Салмақ дәрежелері:
Ерлер: 50 келіге дейін, 55 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, 85 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары.
Әйелдер: 48 келіге дейін, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі және 80 келіден жоғары.
Бұл чемпионатқа Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыспайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

